Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы N 40 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 29 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6189 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 189 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген, № 9 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) исламдық бағалы қағаздар – исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген қайта құрылымдау жоспары және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген оңалту жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа да іс-шаралары мен рәсімдерінің кешені.»;
      1-1-тармақ «қаржы құралдарын кіргізу үшін,» деген сөздерден кейін «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтың үшінші бөлігінде:
      7) тармақшасындағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) исламдық бағалы қағаздар.»;
      10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы қаулының 8-тармағының 1), 3), 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамы ашатын ақпараттың тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 11-111-2 және 11-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «11-1. «Исламдық бағалы қағаздар» секторы екі санатқа бөлінеді:
      исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.
      11-2. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық жалға алу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;
      2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды ор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтінішті берген күнге дейінгі кем дегенде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;
      3) рейтингтік бағасын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша қор биржасымен мойындалатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуімен исламдық бағалы қағазға және ригинаторға рейтингтік баға берілді. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;
      4) оригинатор қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
      5) рұқсат беру бастамашысы аудиторлық есеппен расталған мына:
      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;
      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі үш қаржы жылынан кем емес уақыттағы қаржылық есептілікті ұсынады.
      Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратқа шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) жөніндегі есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы соңғы берген оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін кемінде алты ай өтуі тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған, аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) жөніндегі есепті береді;
      6) оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған оригинатордың қаржылық есептілігіне сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      7) оригинатордың соңғы үш жылдың екі жылы ішіндегі таза табысы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      8) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісін оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңесі келісуі тиіс;
      9) оригинатордың левередж шамасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес екіден аспайды;
      10) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы есептілік күніне жасаған қаржылық есептілігін береді;
      11) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төледі;
      12) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;
      13) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасы мойындайтын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;
      14) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;
      15) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбаған болуы тиіс.
      11-3. Исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық қатысу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) осы қаулының 11-2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген талаптар;
      2) эмитент қолданыстағы инвестициялық жобаны дамытуға шығарудан тартылған қаражатты кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;
      3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжамдайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;
      4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;
      5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасы қор биржасы мойындайтын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.»;
      13-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (егер борыштық бағалы қағаздардың аталған шығарылымы қор биржасының ресми тізіміндегі осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының жалғыз шығарылымы болып табылған жағдайда, соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) төлеу дефолтында;»;
      13-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13-5. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы қаулының 13-1-тармағында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасаудың негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.
      Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің ресми сайтында орналастырады.
      Іс-шаралар жоспарында:
      1) эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасы;
      2) эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептері;
      3) қаржылық ахуалды қалпына келтіруге бағытталған, эмитенттің орындауға ұйғарылған негізгі іс-шаралары;
      4) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімдері;
      5) эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы;
      6) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесі қамтылады.
      Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.»;
      13-6-тармақтағы «он» деген сөз «он бес» деген сөздермен ауыстырылсын;
      14-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасы таныған бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушының біреуімен жүргізіледі.
      Осы тармақшаның қолданылуы Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық қорға таралады;»;
      14-1-тармақтың 5) тармақшасындағы «не сенімгерлік басқаруға берілген» деген сөздер «және сенімгерлік басқаруға берілмеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
      27-тармақта:
      бірінші бөлігіндегі «8 және 9-тармақтарында» деген цифрлар мен сөздер «8, 9 және 12-тармақтарында» деген цифрлар мен сөздерге ауыстырылсын;
      екінші бөлігіндегі «және 12» деген сөз бен цифрлар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қор биржасына және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Қор биржасы осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                       Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады