Демалыс күндерін ауыстыру туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 395/51-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 5 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 650 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихтының 2011 жылғы 26 маусымдағы N 466/65-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихтының 2011.06.26 N 466/65-IV шешімімен 

      «Қазақстан Республикасы елордасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтықтастық ұйымы саммитін ұйымдастыру және өткізу мақсатында, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласында демалыс күндері 2010 жылғы 27 қараша сенбі күні мен 28 қараша жексенбі күнін 1-2 желтоқсан сәрсенбі және бейсенбі күндеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    В. Редкокашин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады