Заводской кентіндегі көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы Заводской кенті әкімінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 2 шешімі. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 мамырда № 1-2-130 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармақшасына сәйкес, тұрғындарының пікірін есебіне алып, Заводской кенті әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Заводской кентіндегі көшелердін атауларын өзгерту:
      Большевистская көшесі Бөгенбай батыр көшесіне;
      Красноармейская көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;
      Энгельс көшесі Абай Құнанбайұлы көшесіне.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3.Осы шешім Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Заводской
      кентінің әкімі                             М.Исмағұлов

      «КЕЛІСІМІМЕН»

      «Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        И.Ковцур

      «Степногорск қаласының
      сәулет және қала
      құрлысы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        А.Шварцкоп

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады