"Халықтың мақсатты топтарына кіретін қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № А-8/523а қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № А-3/204 қаулысы. Ақмола облысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 шілдеде № 1-2-132 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/32 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2012.01.20 № А-1/32 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Халықтың мақсатты топтарына кіретін қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № ә-8/523а (нормативтік құқықтық кесімдерінің Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-2-122 болып тіркелген, 2010 жылғы 22 қаңтардағы «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
      1 тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшасымен толықтырылсын:
      «10) әлеуметтік – медициналық сауықтырудан өткен наркологиялық науқастар»
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
      3. Осы Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі                А. Никишов

      «КЕЛIСIЛДI»

      «Степногорск қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      бастығының м.а.                            Ф. Жукова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады