Атбасар ауданында халықтың нысаналы тобына жататын қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № А-8/207 қаулысы. Ақмола облысы Атбасар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қыркүйекте № 1-5-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № а-1-1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2011.01.05 № а-1-1 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес және нысаналы топтар құрамына кіретін және әлеуметтік көмекке неғұрлым мұқтаж тұлғалардың жұмыспен қамтылуына көмек көрсету мақсатында, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін.
      1) жиырма төрт жасқа дейінгі жасты қоса алғандағы жастар;
      2) көп уақыт жұмыс істеймейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      3) отбасында бірден бір жұмыс істейтін адам жоқ тұлғалар;
      4) елу жастан жоғары жұмыссыздар;
      5) ертеде жұмыс істемегендер;
      6) орта кәсіби және алғашқы кәсіби білім беру оқу орындарының түлектері.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ғ.Қаженовке жүктелсін.
      3. Осы қаулының әрекеті 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулы Атбасар ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден күні күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі                    Р.Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады