Астрахан ауданы әкімдігінің 2010 жылдағы 12 сәуір № 78 "2010 жылға арналған Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 173 қаулысы. Ақмола облысы Астрахан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 шілдеде № 1-6-129 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2011.01.19 № 34 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7 баптарына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданы әкімдігінің «2010 жылға арналған Астрахан ауданы аумағында тұратын, нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгілеу туралы» 2010 жылғы 12 сәуір № 78 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-6-121 тіркелген, 2010 жылдың 7 мамырында «Маяк» газетінде жариялған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақ мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «әлеуметтік- психологиялық оңалту курсын өткен есірткіге тәуелділер.»
      2.Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Астрахан ауданы әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      3.Осы қаулы Астрахан ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының
      әкімінің міндетін атқарушы                 М.Қожахмет

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады