Зеренді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 наурыздағы № 83 "2010 жылға Зеренді ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 347 қаулысы. Ақмола облысы Зеренді ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 қыркүйекте № 1-14-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қаңтардағы № 39 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2011.01.14 № 39 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 7,8 тармақтарына сәйкес, аудан әкімдігі
      АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зеренді ауданы әкімдігінің «2010 жылға Зеренді ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2010 жылғы 16 наурыздағы №83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №1-14-133 тіркелген, 2010 жылы 30 наурызда «Зеренді» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген, 2010 жылға Зеренді ауданы бойынша ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, жағдайлары, жалақы мөлшерлері мен оларды қаржыландыру көздері тізбесінде 25 жолдағы «Жұмыстар көлемі» бағанында «180» саны «360» санымен ауыстырылсын, 28 жолдағы «Жұмыстар көлемі» бағанында «180» саны «315» санымен ауыстырылсын:
      2. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а.                        М.Құлманбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Ақмола облысы Ішкі істер
      департаментінің Зеренді аудандық ішкі
      істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
      бастығы                                    Балтабаев С.А.

      Зеренді аймағы бойынша
      ауданаралық қаржы полициясы
      бөлімі бастығы                             Азбергенов Ж.Н.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады