"Қорғалжын ауданында 2010 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 52 қаулысы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 маусымда № 1-15-148 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 2 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2011.01.06 № 2 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 5, 7 бабтарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қорғалжын ауданында 2010 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
      2) емделудің толық курсын өткен туберкулезбен ауырғандар;
      3) бір жылдан артық уақыт жұмыс істемеген жұмыссыздар;
      4) от басында бірде – бірі жұмыс істемейтін тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады