Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № А-1/37 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 наурызда № 1-16-105 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 1/23 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2011.01.06 № 1/23 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына және 7 бабының 2 тармағына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2010 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жылдан астам);
      29 жасқа дейінгі жастар;
      Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген, зейнетақы жасына жеткенге дейінгі, жастары 50-ге келген және одан асқан адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қ.Қазизоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының
      әкімі                                      Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады