Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2011 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы А-12/349 қаулысы. Ақмола облысы Сандықтау аудандық Әділет басқармасында 2011 жылы 19 қаңтарда № 1-16-119 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 04-14/421 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің 11.04.2013 № 04-14/421 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына және 7 бабының 2 тармақшасына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сандықтау ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарға жататын тұлғалардың 2011 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жылдан астам);
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар;
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә.Қ.Қазизоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысы Сандықтау ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сандықтау ауданының әкімі                  Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады