Шортанды ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № А-1/112 қаулысы. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 мамырда № 1-18-114 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № А-3/78 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 07.04.2016 № А-3/78 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 17.10.2013 № А-9/228 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан бастап жиырма тоғыз жастағы жастарды қоса алғанда;
      2) ұзақ жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан астам);
      3) отыз жастан асқан әйелдер;
      4) қырық жастан асқан ерлер;
      5) отбасында бір де бір жұмыс істемейтін тұлғалар;
      6) орта кәсіптік және бастауыш кәсіптік білім алу мекемелерінің түлектері.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары В.П.Игнатовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Шортанды ауданының әкімі С.Қамзебаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Шортанды ауданының
      "Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Ж.Мунтаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады