Шортанды ауданының селолық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылы бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 қазандағы № С-31/5 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қарашада № 1-18-121 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № С-42/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2011.09.19 № С-42/4 шешімімен
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды ауданының селолық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылы – үш айлық есептік көрсеткіште бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрайымы                            Н.Ткаченко

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Г.Скирда

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі                                С.Қамзебаев

      Шортанды ауданының
      «Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        О.Мут

      Шортанды ауданының
      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Ж.Мұнтаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады