Қала әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 1355 "2010 жылдың көктемі-күзінде 1983-1992 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 2906 қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 қазанда № 3-1-143 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімі аппаратының басшысының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 05-9/1697 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімі аппаратының басшысының 2011.07.22 № 05-9/1697 Хатымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала әкімдігінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 1355 «2010 жылдың көктемі-күзiнде 1983-1992 жылдары туған азаматтарды әскери қызметке кезекті шақыру туралы» қаулысына (2010 жылғы 31 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-1-137 болып тіркелген, 2010 жылғы 8 маусымдағы № 70 «Актюбинский вестник» және «Ақтөбе» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) қалалық шақыру комиссиясы құрамынан Қозыбаева Қаламқас Әбдірахманқызы шығарылсын;
      2) қалалық шақыру комиссиясы құрамына № 2 қалалық емхананың терапевт-дәрігері Нұрғазиева Гүлжиян Рақымғалиқызы медициналық комиссия төрайымы болып енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С.М.Қалдығұловаға және «Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемеcі бастығының міндетін уақытша атқарушы В.Глушкоға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 А.Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады