Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 8 маусымындағы № 117 "Әйтеке би ауданының 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімиятының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 185 қаулысы. Ақтөбе облысы Әйтеке би аудынының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 қазанда № 3-2-99 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімиятының 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының әкімиятының 2011.01.11 № 5 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің «Әйтеке би ауданының 2010 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2010 жылғы 8 маусымдағы № 117 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-95 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 8 шілдесінде аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) қаулының мәтінінде «Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ-нің бастығы И.Тұрғанбаевтың орнына Д. Танкиев болып ауыстырылсын;
      2) осы қаулымен қосымшаға сәйкес бекітілген «Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамына» өзгертулер енгізілсін, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы И. Тұрғанбаевтың орнына Д. Танкиев болып ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Рахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         Е.Есенбаев.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады