1994 жылы туылған азаматтарды Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 13 желтоқсанда № 3-2-101 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық әкімінің 2012.06.06 № 2 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағының 13-тармақшасын37 бабын, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17182044 бабтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қаулысын орындау мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылдың 10 қаңтар мен 31-і наурыз аралығында Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1994 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Әйтеке би ауданының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      2. Әйтеке би ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу үшін осы шешімге тіркелген қосымшаға сәйкес комиссия құрамы бекітілсін.
      3. Өткізілетін шараларды орындауға қатысты шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
      4. Әйтеке би ауданы орталық ауруханасы (Ж.Қ.Қасымов, келісім бойынша) Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қарамағына бөлсін:
      1) тіркелінетіндерді медициналық сараптамадан өткізу үшін дәрігер – мамандарды;
      2) тіркелінетіндерге медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;
      3) тіркелінетіндерді қосымша тексеруден өткізу үшін дәрігер-мамандарды және медбикелерді;
      4) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді.
      5. Аудандық білім бөлімінің бастығы (Б.Құдайбергенұлы) қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен (Д.Танкиев) бірлесе отырып, аудан мектептерінде оқитын барлық 1994 жылы туылған жасөспірімдерді толық тіркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын. Тіркелу кезінде анықталған барлық орта білімі жоқ жасөспірімдерді кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде оқытатындай етіп, есепке алсын.
      6. Селолық округтер әкімдері қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің талабы бойынша әскерге шақырылатын жасқа дейінгілер мен әскерге шақырылушыларды шақырту пунктіне шақырылғандығын хабарласын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      7. Әйтеке би ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы Д.Ш.Танкиев азаматтардың әскерге шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету шараларын алсын. Тіркеу қорытындысы туралы 2011 жылдың 10 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
      8. Осы шешіммен Әйтеке би ауданы әкімінің «1993 жылы туылған азаматтарды Әйтеке би ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізу туралы» 2009 жылдың 24 желтоқсанындағы № 17 ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-88 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 қаңтарда аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің № 3 (1569) санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Рахметовке жүктелсін.
      10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                   Е. Есенбаев

Аудан әкімінің
№ 8 "30" қараша 2010 ж.
шешіміне қосымша

      Әйтеке би ауданының Қорғаныс істері жөніндегі  бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу үшін комиссия мына құрамда құрылсын:

      Танкие Дастан Шыңғысұлы -          Әйтеке би ауданы
                                         Қорғаныс істері
                                         жөніндегі бөлімі
                                         бастығы, комиссия
                                         төрағасы

      Утешов Куанышбай Айтмаганбетұлы -  Әйтеке би аудан
                                         әкімі аппаратының
                                         бас маманы комиссия
                                         төрағасының
                                         орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Оразбаев Әділбек Жақсыбаевич -     аудандық ішкі істер
                                         бөлімі бастығының
                                         тәрбие және кадр
                                         жөніндегі орынбасары

      Жакибаева Назгул Жұмажановна -     дәрігер терапевт,
                                         медициналық
                                         комиссияның төрағасы

      Кузнецова Людмила Александровна -  мейірбике, комиссия
                                         хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады