Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 21 қаулысы. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық әділет басқармасында 2010 жылдың 4 наурызда N 3-4-93 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2011.04.26 № 103 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 5-4 тармақшасына, 9 және 18-1 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарауылкелді ауылдық округі мен селолық округтер бойынша нысаналы әлеуметтік топтарға жататын азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында оларға ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген әр тұлғаға жергілікті бюджеттен орташа айлық аударымдар мөлшері 20 000 теңгені құрайды.
      3. «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Ш.Спанова) тізбеге сай әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға тапсырыс берушілермен шартқа отырып, нысаналы әлеуметтік топтарға жататын азаматтарға жолдама беруді ұйымдастырсын.
      4. «Байғанин аудандық қаржы бөлімі» ММ (Б Боранбай) әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Аманғосқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               Б. Кемешов

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 21 қаулысына ҚОСЫМША

2010 жылы селолық округтерде ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі

Р/с

Селолық округтер атауы

Жұмыс орындарының саны

1

Ащы селолық округі

4

2

Көлтабан селолық округі

6

3

Қопа селолық округі

7

4

Сартоғай селолық округі

6

5

Жаңажол селолық округі

3

6

Жарқамыс селолық округі

3

7

Қызылбұлақ селолық округі

3

8

Қарауылкелді селолық округі

85

9

Миялы селолық округі

3


Барлығы

120

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады