Ауданда әлеуметтік жұмыс орындары 2010 жылы ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 1 наурыздағы N 55 қаулысы. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 наурызда N 3-7-88 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011.02.17 № 59 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 3137 баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңының 5718-1 баптарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған, 451002102 бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландырылатын халықты жұмыспен қамту саласында, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы немесе ашушы кәсіпорындармен ұйымдардың тізбесі бекітілсін (1 қосымша).
      2. Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар аясында бір жұмыс орынына ай сайын төлем ақы көлемі жергілікті бюджеттен 15 000 теңге бөлінсін.
      3. "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-не (Я.Назаров) әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы немесе ашушы қәсіпорын және ұйымдармен келісім-шарт негізінде мақсатты топтардан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін оларға жолдамалардың берілуін қамтамасыз етсін.
      4. Кәсіпорындар мен ұйымдар басшылары өкілетті органның жолдамасы бойынша тұрғындардың мақсатты топтарындағы жұмыссыз азаматтардың жұмысқа қабылдануларын қамтамасыз етсін.
      5. Аудан әкімдігінің "Аудан әлеуметтік жұмыс орындарын 2009 жылы ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 23 қаулысы (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 2 наурызда N 3-7-63 болып тіркелген 2009 жылғы 12 наурызда "Қобда" газетінде N 10 санында жарияланған) және Аудан әкімдігінің "2009 жылғы 21 қаңтардағы "Аудан әлеуметтік жұмыс орындарын 2009 жылы ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін бекіту туралы " N 23 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 28 мамырдағы N 103 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 19 маусымда N 3-7-69 болып тіркелген 2009 жылғы 2 шілдедегі "Қобда" газетінде 2009 жылғы 2 шілдедегі N 26 санында жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi                  Л. Исмағамбетова

Аудан әкімдігінің
"1" ақпандағы 2010 жылғы
N 55 қаулысына 1 қосымша

Ауданда 2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын немесе ашатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі.

Қ/С Р/С Жұмыс беруші
кәсіпорындар
мен ұйымдардың
атауы
Басшының тегі, аты-жөні Жұмыс
беруші
нің
сұраны
сы
бойын
ша
уақыты
(ай)
Ашыла
тын
әлеум
еттік
жұмыс
орын
да
рының
саны
Қобда ауылдық округ бойынша

1

1

"Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылыр көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қобда суы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Родионов Виктор Петрович

6

5

2

2

Қобда аудандық орталық ауруханасы

Оразаев Аккали Жексембайұлы

6

2

3

3

"Бестөбелес" шаруа қожалығы

Темірбаев Бағдат Абатұлы

6

4

4

4

"Нұр - МТС" шаруа қожалығы

Исмағамбетов Нұрлан Құрметұлы

6

3

5

5

"Утенов Ж.К." жеке кәсіпкер

Утенов Жасұлан Кенжетайевич

6

3

6

6

"Жұлдыз - 2" шаруа қожалығы

Абдуллин Аманжол Калиаскарович

6

3



Барлығы:



20

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады