2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 21 мамырдағы № 320 қаулысы. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 маусымда № 3-9-129 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкім аппаратының 2013 жылғы 18 ақпандағы № 423 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкім аппаратының 18.02.2013 № 423 хатымен).

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19202344 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азамттарын 2010 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азамттарын 2010 жылдың сәуір–маусым және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру күнінен 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін ұзартуға құқығы жоқ ер азаматтарды және шақырылудан кейінге қалдыру құқығынан айырылған ересек жастағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүзеге асырсын.
      2. 2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Қандыағаш қаласыны және оған жақын орналасқан ауылдық округтерінің азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру үшін «Шақыру учаскесі» болып, Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимараты болып белгіленсін;
      Ембі, Жем қалаларының және оған жақын орналасқан ауылдық округтерінің азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру үшін «Шақыру учаскесі» болып Ембі қаласының № 10 Кәсіптік лицейінің ғимараты белгіленсін.
      4. «Мұғалжар аудандық емханасы» МКҚК бас дәрігері Ж.Төребаев (келісім бойынша) және «Ембі аудандық ауруханасы» МКҚК бас дәрігері З.Сарқұлова (келісім бойынша):
      1) шақыру учаскелеріндегі медициналық жұмыстарына басшылық ететін дәрігерлік-медициналық комиссияларының төрағаларын, әскери-дәрігерлік сараптама саласында қажетті білімі мен жұмыс тәжірбиесі бар, неғұрлым білікті дәрігер-мамандардың шақыру жұмыстарына қатыстыруын қамтамасыз етсін;
      2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылғандарды флюрографияға түсуін және қан тобын анықтау үшін зерттеу зертханасынан өткізуін ұйымдастырсын.
      5. Білім беру ұйымдарының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырушыларды іс-сапарлардан (демалыстардан) шақырып алуды, оларды хабардар етуді ұйымдастырсын және шақыру учаскелеріне уақытылы келулерін қамтамасыз етсін.
      6. «Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бастығы Ғ.Асқаров қаржы қарастыру жүктелсін.
      7. «Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі» ММ бастығы Ж.Әліқұлов (келісім бойынша):
      1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру учаскелеріндегі және Мұғалжар аудандық емханасының, Ембі аудандық ауруханасының ғимараттарында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
      2) шақырушыларды Мұғалжар аудандық шақыру комиссияларына дәлелді себептерсіз келмеген, сондай-ақ азаматқа шақыру қағазын жеке өзіне беру мүмкіндік болмаған жағдайларда Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы хабарлаған кезде оларды іздестіру және келуін қамтамасыз етсін;
      3) Мұғалжар ауданы бойынша ауылдық округтерінің азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылған кезде шақырылу учаскелеріне тиісті учаскелік полиция инспекторлары еріп жүруін қамтамасыз етсін.
      8. «Мұғалжар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бастығы Д.Танкиев (келісім бойынша) шақыру комиссиясының жұмысы және азаматтарды Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға шақыру аяқталғаннан кейін облыстық шақыру комиссияларын хабардар етсін.
      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ж.Құрмашевқа жүктелсін.
      10. 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 249 қаулысы жойылды деп танылсын.
      11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               С. Шаңғұтов

Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 21 мамырдағы
№ 320 қаулысына
ҚОСЫМША

2010 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия құрамы

      Танкиев                 "Мұғалжар ауданы қорғаныс
      Дастан Шыңғысұлы        істері жөніндегі бөлімі" ММ
                              бастығы, комиссия төрағасы
                              (келісім бойынша);

      Алькенова               "Мұғалжар аудандық мектепке
      Ботакуз Қорқытбайқызы   дейінгі және жалпыға бірдей
                              білім беруді дамыту, бақылау
                              жөніндегі білім бөлімі" ММ
                              бас маманы, комиссия
                              төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

      Елманов                 "Мұғалжар аудандық ішкі
      Сансызбай Түгелбайұлы   істер бөлімі" ММ бастығының
                              орынбасары (келісім бойынша);

      Кошенов                 "Мұғалжар аудандық емханасы"
      Серік Сағиданұлы        мемлекеттік коммуналдық
                              қазыналық мекемесінің дәрігер
                              хирург, медициналық
                              комиссиясының төрағасы,
                              (келісім бойынша);

      Берекетова              "Мұғалжар аудандық емханасы"
      Фарида Төлегенқызы      мемлекеттік коммуналдық
                              қазыналық мекемесінің
                              жасөспірімдер медбикесі,
                              комиссия хатшысы (келісім
                              бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады