Қандыағаш қаласында Спортивная көшесін Омаш Өмірбаев көшесі, Парковая көшесін Көбеген Ахметұлы Ахметов көшесі деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 605 қаулысы және Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 217 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 қаңтарда № 3-9-133 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігіңің 10.01.2019 № 6 қаулысымен және Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 10.01.2019 № 284 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қандыағаш қаласындағы:

      Спортивная көшесі Омаш Өмірбаев көшесі,

      Парковая көшесі Көбеген Ахметұлы Ахметов көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының
      әкімі
      Сессия төрағасы, С.Шаңғұтов
      аудандық мәслихаттың
      хатшысы С.Салықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады