Аудан бойынша 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімиятының 2010 жылғы 7 маусымдағы № 92 қаулысы. Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 17 маусымда № 3-11-78 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімдігінің 2011.01.05 № 4 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 1920 баптары негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын орындау мақсатында қабылданған Ақтөбе облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 148 «2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ойыл аудандық қорғаныс істері бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында есепте тұрған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Қоса беріліп отырған аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
      3. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде «Ойыл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (Ж.Қамбаров) шақыру учаскесін медициналық кадрлармен қамтамасыз ету;
      «Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (С.Смагулов) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуына тұрақты бақылау орнату ұсынылсын.
      4. «Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» (Ш.Қарабалина), «Ойыл аудандық қаржы бөлімі» (М.Сембі) мемлекеттік мекемелері аудан бойынша әскерге шақырушыларға байланысты іс-шаралардың жоспарланған қаржы шегінде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Абдуллинге жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтіп, алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                      М.Джумагазиев.

Ойыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы
7 маусымдағы № 92 қаулысымен бекітілген

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының құрамы

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімиятының 2010.08.24 № 121 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Казмуханов Молдашкали   -Ойыл ауданы әкімі аппаратының
      Жұмағалиұлы             жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар
                              жөніндегі бас маманы, комиссия
                              төрағасының орынбасары
      Текебаева Сәуле         -«Ойыл орталық аудандық аурухана»
      Ақмырзақызы             мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                              кәсіпорнының медбикесі, комиссия
                              хатшысы (келісім бойынша)
      Аралова Нәзира          -«Ойыл орталық аудандық аурухана»
      Әбдиғалиевна            мемлекеттік коммуналдық қазыналық
                              кәсіпорнының дәрігері, комиссия мүшесі
                              (келісім бойынша)
      Елубаев Марат           -«Ойыл аудандық қорғаныс істері бөлімі»
      Қожабекович             мемлекеттік мекемесінің бастығы,
                              комиссия төрағасы (келісім бойынша)
      Бюрин Әділбек           - Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі
      Кенжебайұлы             бастығының орынбасары, полиция майоры,
                              комиссия мүшесі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады