Айшуақ селолық округінің орталығы Бегімбет селосында түйе малынан құтыру ауруы шығуына байланысты шектеу іс шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы N 53 қаулысы. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 26 ақпанда N 3-13-122 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі N 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудан әкімдігінің 2010.04.02 N 105 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1-тармағының 18-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10, 27-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2010 жылғы 26-қаңтардағы N 03-10/34 ұсынысына сәйкес Айшуақ селолық округінің орталығы Бегімбет селосында құтыру ауруы қауіпінің алдын-алу шараларын алу, шектеу салу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар ауданы Айшуақ селолық округінің орталығы Бегімбет селосында құтыру ауруынан шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Алынған қаулының жүзеге асырылуы Айшуақ селолық округінің әкімі Е. Әдімановқа, аудандық ветеринария бөлімінің бастығы Қ. Сарсембайға, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Е.Есжановқа (келісім бойынша) және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Е.Бекмағанбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Садықовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы Шалқар аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         Р.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады