Шалқар қаласы мен ауданының селолық округтерінің аумақтарын көріктендіру және тазалығын қамтамасыз ету туралы ережесін бекіту

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 201 шешімі. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 24 мамырда № 3-13-132 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 тамыздағы № 35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2012.08.10 № 35 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001  жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001  жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3 бабының 2 тармағына және 387 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. «Шалқар қаласы мен ауданның селолық округтерінің аумақтарын көріктендіру және тазалығын қамтамасыз ету туралы ережесі» № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың               Аудандық мәслихатты
        сессия төрағасы                        хатшысы

          Г.Сейтова                         С.Тулемисов

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 20 сәуірдегі
№ 201 шешіміне № 1 қосымша

Шалқар қаласы мен ауданның селолық округтерінің аумақтарын көріктендіру және тазалығын қамтамасыз ету туралы ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      Ереже Шалқар қаласы мен ауданның селолық округтерінің аумақтарының инфрақұрылым нысандарын абаттандыруын қамтамасыз ету, күтiп ұстау және қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттейдi.

2. Осы Ережеде қолданылатын негiзгi түсiнiктер мен анықтаулар

      2. Елдi мекендердi көрiктендiру-кiшi сәулет формаларын көркейту нысандарын салу мен жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру, сыртқы  жарнама, қаланың сыртқы келбетiн құру бойынша жұмыстарды қамтитын, қала аумағында тұрғындардың өмiрi мен бос уақытына игi, салауатты және мәдени жағдай жасауға бағытталған жұмыстар мен iс-шаралар  кешенi.

3. Елдi мекендер аумағын тазарту тәртiбi

      3. Жер учаскелерiн пайдаланушылар арасындағы аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекiтiлiп берiлген аумақтарға сәйкес, осы  Ереже негiзiнде орындалады:
      Көше-жол желiлерi, алаңдарға, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер, жағажайлар) бойынша-мемлекеттiк тапсырыс көлемiнде уәкiлеттi органмен жүргiзiледi.
      4. Жалпы пайдаланылаты  орындарды тазарту мен күтiп ұстау жұмыстарына келесi жұмыс түрлерi жатады:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) iрi көлемдi қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру;
      4) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;

3.1. Көшенiң жүру бөлiгiн тазарту

      5. Көшенiң жүру бөлiгiн, оның барлық енi бойынша, алаңдарды, көшелердi және елдi мекендердiң көше желiлерiн, көлiк қою қалталарын, автобустардың соңғы аялдамаларындағы бұрылу алаңдарын, сондай-ақ жағалаулар, көпiрлер, жол желiлерiн тазарту және күтiп ұстау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргiзуге мемлекеттiк тапсырыс келiсiм шарты негiзiнде мердiгер-кәсiпорындар жүргiзедi.
      6. Жолдың жүру бөлiгi қандай да болмасын ластанудан, ал жол жиектерi iрi көлемдi қалдықтан мен басқа да қалдықтардан толығымен  тазартылады.

3.2. Жүргiншi жолдарын тазарту

      7. Көше мен жүру бөлiгiне iргелес жатқан немесе жол жағынан көгалмен бөлiнген және тұрғын үй ғимараттарының кiре берiсiнен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсiпорындардан, сауда және қызмет көрсету нысандарынан, сондай-ақ жағалаудағы қоршаулардан шығатын жол  жоқ жүргiншi жолдарын тазалауды жүру бөлiгiн тазартатын кәсiпорындар  жүргiзедi.
      8. Көпiрлерде, жол желiлерiнде орналасқан жүргiншi жолдарын, сондай-ақ инженерлiк ғимараттар мен баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жүргiншi жолдарды тазарту аталмыш инженерлiк имараттардың иелерi болып табылатын кәсiпорындармен жүргiзiледi.
      9. Көшелер мен жүру бөлiгi бойына орналасқан басқа жүргiншi жолдары бойынша тазарту жұмыстары жүру бөлiгiн күтiп ұстауға жауапты кәсiпорындармен жүргiзiледi.
      10. Жүргiншi жолдары толығымен топырақ-құм шайындыларынан, әртүрлi қоқыстан тазартылады.

3.3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      11. Елдi мекендердегi жолаушылар көлiгiнiң аялдама және отырғызу алаңдарын тазалау жұмыстарын жолдарға тазарту жұмыстарын жүргiзушi ұйымдар атқарады. Отырғызу алаңдары топырақ-құм шайындыларынан, әртүрлi қоқыстан тазартылады.
      12. Жолаушылар павильондары мен оларға iргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлiгi аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары  олардың иелерiмен жүргiзiледi.

3.4. Елдi мекендердiң басқа аумақтарын тазарту

      13. Елдi мекендердiң көшелерiне iргелес жатқан және бөлiнiп берiлген аумақтарды, оларға кiретiн жолдарды тазалау және күтiп ұстауды бөлiнген аумақта меншiгiнде ғимараттары бар заңды және жеке  тұлғалар өз күштерiмен немесе шарт бойынша арнайы кәсiпорындар көмегiмен жүргiзедi.
      14. Жүргiншi жолдарында орналасқан сыртқы жарықтандыру және байланыс желiсi бағаналары мен дiңгектерi аумағын тазарту жұмыстарын жүргiншi жолдарын тазалауға жауапты кәсiпорын жүргiзедi.
      15. Сауда нысандарына (базарлар, сауда павильондары, тез құрылатын сауда кешендерi, шатырлар, дүңгiршiктер және т.б.) iргелес жатқан аумақтағы уақытша көше саудасы орындарын көшенiң жүру бөлiгiне дейiн тазалауды сауда нысанының иелерi жүргiзедi. Iргелес жатқан көгалдарда, сауда шатырларының, дүңгiршектердiң, басқа да сауда нысандарының үстiнде жәшiктердi, ыдыстарды жинауға жол берiлмейдi.
      16. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын нысан иелерi мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргiзедi.
      17. Ғимараттарды бұзғаннан кейiнгi аумақты тазарту мен күтiп ұстау жұмыстарын, осы аумақ бөлiнiп берiлген жер пайдаланушылар немесе тапсырыс берушi, немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердiгер-кәсiпорындар жүргiзедi.
      18. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерiлмеген аумақтарды, сондай-ақ ғимараттарға, имараттарға және басқа да нысандарға iргелес жатқан, бiрақ заңды және жеке тұлғаларға бекiтiлмеген аумақтарды тазалау және күтiп ұстау бөлiнген қаржы шегiнде жергiлiктi бюджет есебiнен жүргiзiледi.
      19. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлiк желiлердегi апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға жауапкершiлiк бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледi.
      20. Суаққы желiсiнiң бiтелуiн болдырмау үшiн суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға болмайды.

3.5. Күзгi-қысқы мезгiлдегi елдi мекендердiң аумағын тазартудыңерекшелiктерi

      21. Күзгi-қысқы мезгiлдегi тазалық мерзiмi 15 қазан мен 15 сәуiр аралығында  белгiленедi.
      22. Саябақтардағы, скверлердегi, бульварлардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезiнде, жасыл желектердiң сақталуы мен ерiген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңдарда үюге рұқсат етiледi.
      23. Қысқы мезгiлде жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары және басқа да элементтер мен шағын сәулет формалары, сондай-ақ олардың араларындағы және жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен  мұздақтардан тазартылуы керек.
      24. Жолдың жүргiншi жолдары мен жүру бөлiгiнде көшелердегi инженерлiк желiлерде болған апаттан пайда болған мұздақтар осы желiлердiң иелерi болып табылатын кәсiпорындар мен бөлшектенедi және тазартылады. Бөлшектенген мұздақтар белгiленген орындарға шығарылады.
      25. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған және бекiтiлген жерлерге жүргiзiледi. Қар ерiгеннен кейiн бұл аумақтағы қоқыс қар тазалауға  жауапты кәсiпорындармен  тазартылады.
      26. Жүргiншi жолдар мен көпiрге шығатын жерлер жаңа түскен  қардың бетiнен бастап қатты қарға дейiн барлық енi бойынша тазартылады, үздiксiз қар жауу кезiнде тайғанаққа қарсы  материалдармен себiледi.
      27. Аула аумақтары мен кiру жолдары қар мен мұздақтан мүмкiндiгiнше асфальтты төсенiшке дейiн тазартылуы тиiс. Мұздақ (тайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құм себу жүргiзiледi.
      28. Аула аумақтары мен iшкiорамдардан тазартылған қарды автокөлiктiң қозғалысына және жаяулардың жүруiне кедергi келтiрмейтiн орындарға жинауға рұқсат берiледi.
      29. Аула iшiнде қарды жинаған кезде, судың жылғалар мен ағып кетуi алдын-ала қарастырылуы керек.
      30. Қысқы мезгiлде ғимарат иелерi және жалға алушылар  шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгiлерден уақытында тазар ту жұмыстарын ұйымдастыруы қажет. Бұл жұмыстар кезiнде жүргiншiлер жолдары аймағы қоршауға алынады. Көше жаққа бақытталған шатырлардан қар мен мұздақтарды жүргiншi жолдарына лақтыру тек күндiзгi уақытта  жүргiзiлуi қажет. Шатырдың басқа бағыттарынан қар түсiру аулаiшiлiк аумақта жүргiзiледi. Қарды түсiру алдында жаяу жүргiншiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары жасалады. Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүңгiлер жедел түрде жол жиегiне қарай жиналады және одан әрi көшенi тазартушы кәсiпорынның алып кетуi үшiн дайындалады.
      31. Суаққы құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға болмайды.

4. Тазалық пен тәртiптi қамтамасыз ету

      32. Аумақтық комитеттер, ПИК төрағалары, кондоминиум басшылары, ғимараттар мен имараттар иелерi орамiшiлiк және аула аумақтарын, көшенiң жүру бөлiгiн, жүргiншi жолдарын, балалар алаңдарын және шағын сәулет нысандарын тазалуды ұйымдастырады.
      33. Жеке меншiк тұрғын үй секторларында тұратын азаматтар өзбеттерiнше жақын жатқан аумақты тазалауды ұйымдастырады.
      34. Күрделi және уақытша нысандардың иелерi өздерiне бөлiнiп берiлген аумақтарды өз беттерiнше тазалайды немесе санитарлық тазарту және жинау жұмыстарын жүргiзетiн арнайы кәсiпорынмен шартқа отырады.
      35. Санитарлық нормаларға сәйкес елдi мекендер аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндiрiс қалдықтарын, жәшiктер мен ыдыстарды, ағаш үгiндiлерiн, жапырақтарды, қарды лақтыруға, сондай-ақ кәсiпорындардың және жеке меншiк үй иелерiнiң iшкi аумақтарын қоса  алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшiктердi, өндiрiстiк қалдықтарды жағуға, от жағуға болмайды.
      36. Жер үстi суларын инженерлiк жүйелерге ағызуға кәрiздiк инженерлiк жүйелердi пайдаланушы кәсiпорынмен шарт болған жағдайда рұқсат берiледi.
      37. Көлiк құралдарын тұрғын-жай орамдар iшiнде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су айдайтын ұңғылар, адамдардың демалу орындарында, тұрғын үйлердiң шығу есiктерiнiң алдында жууға, тазартуға және жөндеуге болмайды.
      38. Топырақ, төгiлмелi құрылыс материалдары және қоқысты тасымалдау кезiнде жолдардың бүлiнуiне жол бермейтiн шаралар жүргiзiлуi қажет. Төгiлмелi материалдарды және қоқысты бұл мақсатқа арналмаған көлiкпен тасымалдауға болмайды.
      39. Жолдың жүру бөлiгiне қоқыс және қозғалысқа кедергi келтiретiн заттар тастауға болмайды.

5. Елдi мекендердiң аумақтарындағы қалдықтард  жинау, уақытша сақтау, шығару және жою

      40. Тұрғын үйлердiң аумағында санитарлық нормаларға сәйкес қоқыс жәшiктерiн орнату үшiн, көлiк өтуге ыңғайлы жолдары бар арнайы алаңдар бөлiнуi қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшiн металдан жасалған қоқыс жәшiктерi қолданылады.
      41. Заңды және жеке тұлғаларға көшелер мен алаңдарда, саябақтар мен скверлерде, басқа да қоғамдық орындарда қоқыс тастауға, қоқыс және тұрмыстық қалдықтар салынған ыдыстарды көшелерге шығаруға, елдi-мекендерде, сондай-ақ қоқыс жәшiктерiнде қалдықтарды жағуға, жерге көмуге, бей-берекет қоқыс үйiндiлерiн жасауға, қоқыс жәшiктерi алаңдарын ластауға, қоқыс жәшiктерi мен оған жақын аумаққа қатты тұрмыстық қалдыққа жатпайтын қоқыстарды жинауға болмайды.
      42. Кәсiпорындарға, ұйымдарға, жеке кәсiпкерлерге тұрғын үйлер тұрғындарына арналған қоқыс жәшiктерiн қоқыс шығаратын кәсiпорынның келiсiм шартынсыз пайдалануға болмайды.
      43. Қатты тұрмыстық қалдықты шығару қоқыс шығарушы көлiктермен жүргiзiледi, сұйық қалдықтар кәрiзсiз тұрғын үйлерден бөшкелерi бар сорғы көлiктермен  шығарылады.
      44. Қоқыс жәшiктерiнен қоқысты көлiкке тиеу кезiнде шашылып қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын қатты тұрмыстық қалдықтар, iрi көлемдi қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлерi  жүргiзедi.
      45. Қоқыстарды жою елдi мекендердiң қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонында жүргiзiледi.
      46. Жөн-жосықсыз үйiндiлердiң жиналуына, қалдықтардың жағылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. Жөн-жосықсыз үйiндiлерге  жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкiндiк болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жосықсыз үйiндiлер орнын қалпына келтiру жұмыстары уәкiлеттi органдармен бекiтiлген мерзiмде аумақ иесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      47. Қоқыс қораптарын орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттiк тапсырыс шартына сәйкес аумаққа қызмет көрсетушi мердiгер кәсiпорынмен және иелiгiнде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргiзу субъектiлерiмен жүргiзiледi. Қораптарды тазарту жұмыстары олардың толуына қарай орындалады. Күнiне бiр рет жуылады. Жылына екi рет залалсыздандырылып, екi реттен кем емес сырланады.
      48. Елдi мекендердiң жолаушылар көлiктерi аялдамасында орналасқан қораптарды аялдамаларды жинауды жүзеге асыратын кәсiпорындар, ал сауда нысандарында орнатылған қораптарды сауда ұйымдары тазартып, залалсыздандырады.

6. Шалқар ауданында аумағына тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша уәкiлеттi органдар

      49. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Ереженің сақталуына бақылауды және қала аумағын көркейту Тәртiбiн бұзғаны үшiн шаралар алу, сондай-ақ қала инфрақұрылымы нысандарын бұзғаны үшiн өз құзыреттерi шегiнде:
      1) iшкi iстер органы;
      2) мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы жүргiзедi.

7. Ереженi бұзғаны үшiн жеке және заңды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      50. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн кiнәлi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасындағы Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы Кодекске сәйкес жауапкершiлiкке тартылады. Әкiмшiлiк жауапкершiлiктiң қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртiп  бұзушыны онымен келтiрiлген материалдық зиянды төлеу және жiберiлген кемшiлiктi жою мiндетiнен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады