2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 01 наурыздағы N 4-119 қаулысы. Алматы облысының әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2010 жылы 07 сәуірде N 2-1-116 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 06 қаңтардағы N 1-14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011.01.06 N 1-14 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 1-тармағы 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 5–бабы 2-тармағына, 7–бабының 5-4)-тармақшасына, 18-1 бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаттың 2009 жылдың 10 желтоқсанындағы "Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 158 шешімін (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 29 желтоқсанда тіркелген нөмірі 2-1-110, "Талдықорған" газетінің 2010 жылдың 15 қаңтарындағы 3-нөмірінде жарияланған), 2010 жылғы 18 қаңтардағы 2010 жылы Өңірлік жұмыспен қамту және қайта даярлау стратегиясын іске асыру аясында, Алматы облысының бюджетіне бөлінген мақсатты трансферттер қорытындысы туралы еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі мен Алматы облысы әкімінің арасындағы келісімін орындау мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға арналған, жұмыс орындарының саны шектелмейтін, жұмыс уақытша сипатта болатын және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайтын ерекшеліктерді ескере отырып, жұмыс берушілердің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін, нысаналы топтардағы (табысы аз адамдар, жиырма бір жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      мүгедектер;
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      оралмандар;
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады) жұмыссыз азаматтарды уақытша, жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы, алты ай мерзімге дейінгі әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орнын құру жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде жүзеге асырылады. Шартта тараптардың міндеттері, жұмыстың түрлері, көлемі, еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері қамтылуға тиіс.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтағы жұмыссыздардың айлық жалақысы республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2010.05.17 N 11-372 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      4. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б. Мұхаметжан):
      1) нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдау мен жолдауды;
      2) нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын жұмыс берушілермен келісім шарттар жасауын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Көлбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады