Алакөл аудандық мәслихатының "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 27-11 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 20 мамырда N 2-5-85 тіркелді. Күші жойылды - Алакөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 қаңтардағы N 34-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алакөл аудандық мәслихатының 2011.01.19 N 34-3 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Аудандық қаржы бөліміне тұрғын үй көмегін көрсетудің қаржыландырылуын қамтамасыз етуге ұсынылсын.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Тәшім Жазыбекұлы) тұрғын үй көмегін есептеу және төлеу жұмыстарын осы шешімнің қосымшасындағы айқындалған тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі негізінде жүзеге асырсын.
      4. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және депутаттық өкілеттілік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Бақытбек Станбекұлы Атанбековке жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Е.М. Бекпаев

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Б.Т. Сейрбаев

Алакөл аудандық мәслихатының
16 ақпан 2010 жылғы
қабылданған "Аз қамтамасыз
етілген отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
мөлшері мен тәртібін айқындау
туралы" 27-11 шешіміне
қосымша

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібін айқындау туралы

1. Жалпы тәртібі

      Осы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі (әрі қарай Тәртіп ) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығы негізінде әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.
      Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      отбасының жиынтық табысының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі өткен тоқсанға облысқа бекіткен ең төменгі күнкөріс деңгейі құнынан төмен болған жағдайда;
      үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары(қосымша жалдаушылары) болып табылатын коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу шығындары отбасы жиынтық табысының 10 пайызы үлесінен жоғары болған жағдайда;
      Тұрғын үй көмегінің мөлшері үй иесінің (жалгердің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде айқындалады.
      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде беріледі

2. Қолданылатын негізгі ұғымдар

      1. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы
      2. отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      3. уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын ауданның жергілікті атқарушы органы.
      4. учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      5. Абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу - аудандық телекоммуникациялар желiсiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу (бұдан әрi - телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу) - коммуналдық қызметтерді тұтынуға төлеу жөнiндегi тұрғын үй көмегiнiң құрамына кiретiн, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретiнде белгіленетін ақшалай өтемақы.
      6. Абонент - осы мақсаттар үшін абоненттік желі абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөлінген,байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан жеке тұлға.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      7. Тұрғын үй көмегін алу құқығы өтініш беруші қажетті құжаттарын тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.
      8. Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға, уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, оның отбасына тұрғын үй көмегі қайта қалпына келтіріледі.
      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне бекітілген үлгідегі өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке куәлігі, әлеуметтік жеке код (ӘЖК), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) көшірмесі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе тұрғылықты жерінен анықтама (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      4) отбасының барлық мүшелерінің табысын растайтын құжаттар (өткен тоқсанға, тоқсан сайын);
      5) әділет басқармасынан жеке меншігіндегі бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен айға, тоқсан сайын), егер де газ және көмір бойынша коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек болмаған жағдайда, аудан әкімдігі ұсынған тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар алынады;
      7) жеке қосалқы шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).
      Өтініш иесіне құжаттары қабылданғаны жайлы түбіртек беріледі, тағайындалмаған жағдайда себептері көрсетілген хабарлама беріледі.
      10. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      4) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      6) өзге де табыс.
      Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке және он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға қолданылып жүрген нормативтік карточкалар негізінде есептелінеді.
      11. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1)мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй көмегi;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5)тегiн тамақтандыру мен бiлiм беру ұйымдарында бiлiм беру туралы заңнамаға сәйкес көрсетiлетiн көмек;
      6) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      7) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек
      12.Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
      13. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі қалалық, кенттік, ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, үш жұмыс күн ішінде қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізуді жазбаша тапсырады.
      14. Учаскелік комиссия өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, тұрғын үй көмегін берудің қажеттілігі туралы қорытынды актілерді 5 күн ішінде әзірлеп, қалалық, кенттік, ауылдық ( селолық) округтің әкіміне ұсынады.
      15. Қалалық, кенттік, ауылдық ( селолық) округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын қабылданғаннан күннен бастап он күн мерзімінде тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      16. Тұрғын үй көмегін алушы уәкілетті органды оны алуға құқық беретін немесе әлеуметтік көмектің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын мән жайлар он бес күн ішінде хабардар етуге міндетті.
      17. Уәкілетті орган қалалық, кенттік, ауылдық (селолық) округтің әкімінен немесе өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап отыз күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      18. Уәкілетті орган тиісті органдардан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге тиісті. Тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені үшін меншік үйдің иесі(немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      19. Азаматтарға тұрғын үй көмегі уақытша тоқтатылады, егер;
      1) осы тәртіпте белгіленген мерзімде тиісті құжаттар ұсынбаса;
      2) алатын тұрғын үй көмегін тиісті мақсатқа пайдаланбаса және тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері уақытында төлемесе:
      20. Бір тоқсанда бір жолғы табысы болса, жиынтық табысты есептегенде барлық табысты ай сайынға бөліп, шыққан табыс мөлшері үш айға көбейтіледі. Егер отбасының бір мүшесі тоқсанда толық жұмыс істемесе, онда отбасының жиынтық табысын анықтауда оның табысы осы тоқсанда жұмыс істеген уақытына есептелінеді.
      21. Отбасының жиынтық табысы отбасының құрамында ескерілген барлық адамдардың табыстарын қосу арқылы өтініш берілген алдағы тоқсанның тоқсаны үшін есептелінеді.
      Тұрғын үй көмегіне өтініш білдірген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      22. Өтініш беруші мен алушы уәкілетті органның және оның қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған уәкілетті органдарға, сондай – ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

5. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормативтер

      23. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну – жеке үйде тұратын отбасылары үшін 1 айға 10 кг;
      2) электр энергиясын қолдану:
      1 адамға – 45 киловатт;
      2 адамға – 90 киловатт;
      3 адамға -135 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
      3) сумен қамтамасыз ету тарифын қызмет берушілер ұсынады;
      4) от жағу маусымына – 5 тонна көмірді жыл бойына беру есептелінеді.
      24. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудан әкімі ұсынады.

6. Тұрғын үй көмегін төлеу

      25. Тұрғын үй көмегінің төлемі "Алакөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады