Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы N 12-324 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 11 қаңтарда N 2-5-139 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 қарашадағы N 4-320 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2011.11.23 N 4-320 Қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 7-бабының 5-4 тармақшасына18-1 бабына және "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес берілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу тәртібі айқындалсын.
      2. "Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілермен келісім шартқа отыруға, уәкілетті болып табылсын.
      3. "Алакөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тәшім Жазыбекұлы):
      1) уәкілетті органда тіркелген, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмыс берушілер ұйымдастырған әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуге жүзеге асырсын.
      2) осы мақсатқа, әр жылға арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жұмыс берушінің жұыссыздардың еңбегіне төленген шығынының ішінара төлемін өтесін.
      3) төленетін өтемақы екінші банк деңгейіндегі жұмыссыздардың есеп шотына аудару арқылы жүзеге асырылсын.
      4. Алакөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі "Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 4-368 қаулысы (Алакөл аудандық Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі тіркелген нөмірі 2-5-43) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтардан туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Қарасаев

Алакөл аудан әкімдігінің
2010 жылғы 30 желтоқсандағы
"Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды
жұмысқа орналастыру үшін
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру" туралы
N 12-324 Қаулысына
қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс
берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушімен нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен жұмыс берушілердің еңбекақы төлемі шығынына ішінара өтемақысы төленетін шарттық негізде құралады.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу келесі өлшемдер бойынша белгіленеді:
      1) Әлеуметтік жұмыс орындары халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздар үшін әдейі арналған;
      2) Жұмыс орындары уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыруы үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады