1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы N 1-4 шешімі. Алматы облысы Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 1 ақпанда N 2-7-84 тіркелді.Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы N 12-100 шешіммен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2010.12.31 N 12-100 шешіммен (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-т. қараңыз).

      Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруға жастарды дайындау жұмысын жақсарту мен тіркеуді сапалы, әрі ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 1993 жылы туылған ересек жастағы азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргізілсін.
      2. Селолық және поселкелік округтердің әкімдері:
      1) аудандық әскери басқару органдарына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскери жасына дейінгілердің тізімін тапсырсын;
      2) әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды олардың аудандық әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3) әскери-есептік құжаттарында аудандық әскери басқару органдарының әскери есепке алғаны туралы белгілер болған кезде әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асырсын;
      3. «Жамбыл ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Келгенбаев Бейбіт Дүйсенбайұлы, келісімі бойынша), аудандық әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлап отырсын.
      4. «Жамбыл ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Молдахалықова Доғдыркүл Өмірқұлқызы, келісімі бойынша):
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1993 жылы туылған амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірім кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
      3) тіркеуге алуға дейін 1993 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
      4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман - дәрігерлеріне тапсырсын.
      5. Жамбыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы, келісімі бойынша), аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтер берсін.
      6.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бекқожаев Ғадылжан Бекболатұлына жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Бигелдиев  М. С.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады