Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендерін көріктендіру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 38-10 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 27 мамырда N 2-8-151 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 22 тамыздағы N 9-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2012.08.22 N 9-1 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2010 жылғы 30-наурыздағы N 7-1/486 хатының негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендерін көріктендіру Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Ташполат Жамалович Жамаловқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      38-сессиясының төрағасы                    Қ. Бұланбаева

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ә. Талқамбаев

"БЕКІТІЛДІ"
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 14-сәуірдегі
"Еңбекшіқазақ ауданы елді
мекендерін көріктендіру
Ережесін бекіту туралы" N 38-10
шешімімен

Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендерін көріктендіру
ЕРЕЖЕСІ

1 бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Еңбекшіқазақ ауданының аумағын көріктендіру Ережесі (бұдан әрі - Ереже), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      Ереже Еңбекшіқазақ ауданында көріктендіру саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды және меншік нысанына, жалгерлердің, құрылыс жүргізушілердің ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың иелеріне немесе меншік түрлеріне қарамастан барлық шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектілерге таратылады.
      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер:
      1) Көріктендіру – адамның өмір тіршілігіне ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Бұл жұмыстар кешені көріктендіру элементтері мен нысандарды қорғау және жөндеу, пайдалану, ұстау, ұйымдастыруды келесі негізгі бағыттар бойынша ескереді: инженерлік көріктендіру, сыртқы көріктендіру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақтарды көріктендіру.
      2) Бекітілген аумақ – санитарлық ұстау және көріктендіруді ұйымдастыру жұмыстары кезінде бөлінген аумақ субъектілерінің келісімі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының қала, ауылдық округ әкімдері ұйымдастыратын көріктендіру, жинау және ұстау жұмыстары жүргізілетін жер телімі.
      Қала, ауыл шекарасында бекітілген нысандар болып табылатындар:
      Қала, ауыл көшелері жағындағы бөлінген телімдер шекарасынан, өтпе жол шетімен шектелген аумақ;
      ішкі орамды учаскелік аумақ;
      ауланың ішкі аумағы – кішігірім сәулет түрлерін орнату үшін, балалар, кір жаятын, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, сәндік бағаналарды орнату үшін қолданылатын, үйге кіретін жолдар, аулаға кіретін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болса, онда бекітілген аймақ тең көлемде бөлінеді, әйтпесе келісім бойынша белгіленеді) жерлер;
      сақтау, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға уақытша пайдаланылатын аумақ;
      бөлінген және маңайындағы аумақ;
      инженерлік желілерінің қорғалатын аумақтары.
      Бекітілген аумақтық субъектілері болып жеке тұлға сияқты, заңды тұлға да бола алады:
      пәтер иелері кооперативтері (одан әрі – ПИК, ҮИКБ);
      ғимараттар мен орын-жайлардың иелері;
      жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
      3) Көшелердің санаты – қала, ауыл жолдарын, көшелерін және кіру жолдарын жіктеу, ондағы көлік қозғалысының қарқындылығына және оларды пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктерге байланысты.
      4) Ірі көлемді қалдық (бұдан әрі - ІКҚ) – өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын мәшинемен тасымалдауға келмейтін қолданыстың және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
      5) Шағын сәулеттік пішіндер – әсемдік үшін және іске жарамды сипаттағы нысандар:
      мүсіндер, субұрқақтар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойындарына және үлкендердің демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар.
      6) Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері – заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
      7) Бөлінген аумақ – заңнамада қарастырылған, құқықтарымен жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген), қала, ауыл құрылысы құжаттарында және мемлекеттік жер кадастрында белгіленген ауданы, шекарасы, тұрған жері, заңдық мәртебесі және басқа сипаттарға ие болатын қала, ауыл аймағының бөлігі.
      8) Жерді пайдаланушы – мақсаты мен меншік түріне қарамастан қала шекарасында жер телімдерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      9) Маңайдағы аймақ – заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, пайдалануында, жалға алған ғимараттың, үймереттің, құрылыс алаңының, қоршаудың, сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын аймақ.
      10) Өтпе жолдары, (жүргін бөлік, өтетін жол) – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық, ауылдық құрылыс нысандарына көліктердің кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
      11) Жолдарды күтіп ұстау – кешенді жұмыстар жиынтығы, нәтижесінде жол үймереттерін, жолдарды автомобиль жолдарын пайдалану талаптарына сай, көлік жүрісіне пайдалану жағдайында қалыпты ұстау.
      12) Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі - ҚТҚ) - тұтынудың тұрмыстық қалдықтары.
      13) Тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып немесе одан көгалдармен немесе көгалдармен бөлініп жатқан жолдың бөлігі.
      14) Өкілетті орган – энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді орындауға өкілді мемлекеттік орган.

2 бөлім. Елді мекендерді таза ұстау

1 тарау. Тазалықты қамтамасыз ету

      3. Заңды және жеке тұлғалар қаланың, ауылдың бүкіл аймағында тазалықты қолдауға, сонымен қатар жеке меншік үйлер аумағында көріктендіру элементтеріне (жолдарды, тротуарларды, көгалдарды, шағын сәулет түрлерін, жарықтандыруды, су бұруларды) зақым келтіруге немесе бұзуға жол бермеуге тиісті.
      4. Жеке тұлғалар және барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлғалар, соның ішінде нақты және уақытша нысандардың иелері осы Ереженің келесі талаптарына сәйкес орындауға тиісті:
      өз бетімен өзінің қаржысына немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен күнделікті бөлінген және бекітілген аумағын көріктендіріп және санитарлық жағдайын ұстауға;
      кез келген меншік нысанына ұқыпты қарауға;
      мемлекеттік меншік нысанына зиян келтірген жағдайда арнайы органдарға хабарлауға;
      көше аты мен үй нөмірі көрсетілген маңдайшаларды іліп қоюға, техникалық дұрыс жағдайда және таза ұстауға;
      қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет пішіндерін қалыпты жағдайда ұстауға.
      5. Барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды және жеке тұлғаларға:
      аумақты күтіп ұстау және көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін бірігуге;
      аумақтың күтімі туралы өкілетті органдардан ақпарат алуға;
      қала, ауыл аумағының күтімі бойынша өтетін конкурстарға, басқа көпшілік шараларға қатысуға.
      6. Көшелерді, алаңдарды, жаға жайларды, саябақтарды, скверлерді және басқа қоғамдық орындарды ластауға жол берілмейді.
      7. Қала, ауыл аумағында тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, кесілген ағаштарды, жапырақтарды, қарды тастауға жол берілмейді.
      8. Ішкі аулаларымен қоса кәсіпорындарда да және жеке үйлердің де маңайында қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын өртеуге, от жағуға болмайды.
      9. Хозфекальды және нөсер сулары канализацияларына жер үсті суларын кәсіпорын аумағынан және инженерлік жүйелерден жіберу үшін канализациялық желілерді пайдаланатын кәсіпорындарының келісімі және келісім-шарты болуы керек.
      10. Су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды жіберуге рұқсат етілмейді.
      11. Үйлердің ішкі орамдарында және жалпы пайдаланатын жерлерде су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге рұқсат етілмейді.
      12. Су құбырлары мен аралық кәрізге (канализацияға) рұқсатсыз, өз бетімен қосылуға, су өлшейтін аспаптарды істен шығаруға және есепке алынбайтын қосалқы құбыр тартуға болмайтынын ескертеміз.
      13. Автокөлік кәсіпорындары және автокөлік иелері қала, ауыл көшелеріне көліктерді таза қалпында шығаруға тиісті.
      14. Топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасуға рұқсат етілмейді.
      15. Көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын, кір жаятын және қоқыс контейнерлері алаңдарында, ғимараттардың қақпаларына әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға, сондай-ақ автокөліктерді қоюға болмайды.
      16. Аула аумағының ішіндегі жолдарда арнайы көліктің өтуіне тосқауыл болатын балкаларды, блоктарды және аумақтарды оқшаулайтын өзге қоршауларды тұрғызуға және орнатуға, сондай-ақ олардың орналасуына қарамастан бөлшектенген көлік құралдарын қоюға рұқсат жоқ.
      17.Ортақ пайдаланудағы жерлерге контейнерлер, құрылыс материалдарын қою мен жинауға рұқсат етілмейді.

2 тарау. Елді мекендердің аумағын тазартуды ұйымдастыру

      18. Аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Ереже негізінде орындалады:
      көше-жол желілері, алаңдар, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалауларды) бойынша – коммуналдық шаруашылығының өкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
      ішкі орамды және басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы қалалы, ауылдық әкімдер беретін көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжаты бойынша.
      19. Жинау жұмыстары осы Ереженің талаптарына, өкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі.

3 тарау. Елді мекендердің аумағын тазалау тәртібі

§ 1. Көшенің өтпе жолдарын тазарту

      20. Өтпе жолдардың бөліктерін барлық ені бойынша тазарту, алаңдардың, көшелердің және қалалық, ауылдық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстардың өндірісінде уәкілетті органмен жасасқан мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      21. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін күнделікті автокөліктерді қоюға болмайтынын және олай етуді білдіретіні туралы жол белгілерін қою арқылы белгіленеді.
      22. Магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдарының жол төлемдерін осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, өкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      23. Жолдың жүргін бөлік жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әр түрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
      24. Бөлу жолағының көгал алаңын тазалау, жолдардың жүргін жағындағы, тротуарлардың және көгал алаңдардың қоршауларын, жолды көріктендірудің басқа да элементтерін ұстауды осы аумақтар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді.
      25. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің жүргін бөлік жағына және өтпе жолдарға шығаруға рұқсат етілмейді.

§ 2. Жаяу жүргіншілер жолдары мен ортақ пайдаланудағы аумақты
тазарту жұмыстары

      26. Көшелер мен тротуарлар бойымен орналасқан немесе жол жағынан көгалмен бөлінген тротуарлар, сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолдарын, жағалаулар қоршауына іргелес жатқан жаяу жүргіншілер жолдарын жинау аумақты көріктендіру, жинау және ұстау төлқұжаты бойынша жүргізіледі.
      27. Көпірлердегі, жол желілеріндегі тротуарларды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық тротуарларды (кіре беріс жолдарын) жинауды, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындар жүргізеді.
      28. Саябақтар, скверлер, бульварлар, суайдындары, жаға жайлар, зираттар, соның ішінде осы жерлердегі тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, баспалдақтар алып жатқан жалпы пайдаланудағы жерлерді жинауды осы аумақ бекітілген және пайдалануды қамтамасыз ететін мекеме жүргізеді.
      29. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан басқа тротуарларды жинау жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
      30. Тротуарлар толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

§ 3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      31. Қалалық, ауылдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын жинауды жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Аялдама алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      32. Маңайдағы жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, қала, ауыл көшелерінің оларға кіретін жолдарын меншігінде және пайдалануында ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын арқылы жүргізеді.
      33. Автотұрақтарды және қалташаларды тазалау мен күту жұмыстарын осы аумақ бекітілген субъекті жүзеге асырады. Автотұрақтың иесі немесе ғимаратты, жер телімін пайдаланушы өзгерген кезде оны күту жаңа иесіне жүктеледі.
      34. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусы бес метрдей жерді тазарту жұмыстарын, жарнама құрылғысының иелері немесе жарнама құрылғыларының иелерімен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші мамандандырылған ұйымдар орындайды.
      35. Сыртқы жарықтандыру бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және тротуарларда орнатылған байланыс желілерінің маңайын жинау жұмыстарын тротуарларды жинауға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
      36. Жаяу жүргіншілердің жер асты және жер үсті жолдарының кіре берісінен жер үсті жолы бөлігіне немесе баспалдақтан периметр бойынша бес метрлік арақашықтықты (аумақты жинау, ұстау және көріктендіру төлқұжатына сәйкес) осы нысандар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді.
      37. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне жинау мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.
      38. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік орын-жайларға (қызмет көрсететін құрамсыз), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын жинау жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
      39. Сауда нысандарына іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және т.б.) радиусы 10 метр қашықтықта және көшедегі жүргін жолдарға дейін сауда нысандарының иелері тазартады. Іргелес жатқан көгалдарға, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге және басқа сауда нысандарына жәшіктерді үюге жол берілмейді.
      40. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын жинау жұмыстарын иелері мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
      41. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтардары ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты жинау мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе жер елері жүргізеді.
      42. Жапырақ түскен уақытта бекітіліп берілген аумақтарды жинауға жауапты кәсіпорындар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды сыпыру жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға болмайды.
      43. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, ал қыста қатып қалған қарлар мен мұздардың пайда болғанда оларды жоюдың жауапкершілігі осы жағдайдың болуына жол берген ұйымдарға жүктеледі.
      44. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі қоқыстарды, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдар: қаланың, ауылдың бас магистральдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулік мерзімінде шығарады.
      45. Алаңдардағы, магистральдардағы, көшелердегі және өтпе жолдардағы қарды және ернеудегі сметаларды (ал қыс мезгілінде қар мен мұз үйінділерінің қалыптасуы) механикалық жинаудан кейін қолмен тазалау жұмыстарын жақын жерде орналасқан (бекітілген маңайдағы аймағының шегінде) кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сауда кешендері мен павильондардың, тұрғын емес жәйлардың, ғимараттардың иелері жүргізеді, ал бұндай кәсіпорындар болмаған жағдайда механикалық жинау жасаған кәсіпорын тазалайды.
      46. Механикалық тәсілмен жинауға қолайсыз (көлемінің тарлығына немесе қиын құрылымына байланысты) нысандарды жинау қолмен жүргізілуі тиіс.
      47. Көп қар жауған кезде жолдың жүргін бөлігінде, жер асты өкелдерінде (көлемінің аздығына немесе құрылымының күрделігіне байланысты) су басу болса, онда мамандандырылған кәсіпорын су басуды жояды.
      48. Қалалық, ауылдық қоғамдық көліктердің отырғызу алаңдарын жинауды иелері, сауда-аялдама кешендерін жалға алушылар жүргізеді, ал олар жоқ болса жақын арада орналасқан (бекітілген маңайдағы аймақ шегінде) жалға алушылар, сауда кешендерінің, тұрғын емес жәйлардың, ғимараттардың иелері, жолдарды тазалайтын кәсіпорындар жинауды жүргізеді. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі.
      49. Жолаушылар павильондарын және оларға іргелес жатқан қоғамды жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын жинау мен жуу жұмыстары олардың иелерімен немесе көшенің жүргін жолдарын жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындармен жүргізіледі.

§ 4. Жер үсті және жер асты инженерлік жүйелерін күтіп ұстау

      50. Су ағатын желілерге қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға сыпырғыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға болмайды.
      51. Су ағатын қалалық, ауылдық желілердің нөсер суларын қабылдайтын құдықтарға профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, бірақ айына бір реттен кем емес мамандандырылған кәсіпорындар немесе балансында осы құрылғылар бар басқа ұйымдар жүргізеді.
      Нөсер суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемі жұмыс істейтін жағдайда болу керек. Торлардың және құдықтардың өткізу қабілетін шектейтін бітелуге, лайлануға жол берілмейді.
      52. Жер асты инженерлік коммуникацияларының иелері:
      жер асты коммуникацияларын күтіп ұстау және жөндеу, сонымен қатар уақытылы құдықтар мен коллекторларды тазалау жүргізіліп отыруы қажет;
      жолдардың төсемдерімен, тротуарлармен, көгалдармен және құдықтардың люктарымен бір деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдардың бұзылған шегінде төсемдерін қалпына келтіріп жөндеуді қамтамасыз етеді (өз қаржыларымен немесе мамандандырылған мекемелермен келісім шартқа отыру негізінде);
      құдықтардың люктарын бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және жоғалған кезде орнына (тәулік ішінде) қоюды жүргізеді;
      коммуникацияның (қар үйінділері, мұз, лай, сұйықтықтар және басқалар) жұмысын реттеумен байланысты апатты жоюды бір тәулік ішінде қамтамасыз етеді.
      53. Жер үсті құрылғыларының иелері және пайдаланушы ұйымдар оның маңайындағы аумақтың санитарлық жағдайына инженерлік желілер аймағының шекарасы бойынша қамтамасыз етеді.

4 тарау. Қысқы және жазғы кездегі қала және ауыл аумағындағы
көшелерді тазартудың ерекшеліктері

§ 1. Қыс мезгіліндегі тазартудың талаптары

      54. Қала, ауыл көшелерінің өтпе жолдары мен кіру жолдарын қыста жинау жұмыстары осы Ереже талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын нұсқауларға және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
      55. Қала, ауыл аймағын тазалауға жауапты ұйымдар (тапсырыс берушілер қызметі және мердігерлік ұйымдар) 1 қазанға дейін тайғаққа қарсы материалдар қажетті мөлшерде тасып жеткізуі, дайындауы және жинауы керек.
      56. Көшенің жүргін бөлігіннің жағалауындағы қарды жинауды және тасып шығаруды осы көшенің жүргін бөлігін және өтпе жолдарды тазалауға жауапты кәсіпорын жүргізеді.
      57. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы жолдарды және басқа жасыл аймақтарда тазалау кезінде жасыл желектердің жойылмауын және еріген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттері жоқ қарды уақытша жинауға арнайы алаң дайындалып, жинауға рұқсат беріледі.
      58. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер және басқа да элементтер мен кіші сәулет пішіндері, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      59. Тротуарлар мен жолдың жүргін бөлігіндегі, инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзды желі иелері уатып жинайды. Уатылған мұздар белгіленген орындарға шығарылады.
      60. Көшелердің көлік жүретін бөлігін, және өтпе жолдарды, тротуарлар мен аула аймақтарын тазалау жұмыстарының технологиясы және тәртіптері ауа райы жағдайына қарамастан көліктердің және жаяулардың қозғалысына бөгет болмауы тиіс.
      61. Рұқсат берілмейді:
      магистральдің, көшелердің жүргін бөлігіне және өтпе жолдарға, тротуарлар мен көгалдарға, ішкі орамдардың өтпе жолдарынан, аула аймақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда нысандарынан және басқаларынан жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;
      тротуарларда, қалалық, ауылдық жолаушылар тасмалдайтын көліктердің мінгізу алаңдарында, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және басқа жаяу жолы мен жасыл желек аймақтарында көктайғақ реагенті ретінде техникалық тұзды және сұйық хлорлы кальцийды пайдалануға;
      көгалдарға, гүл алаңдарына, бұталар және басқа да жасыл желектерге лас және тұз араласқан қарды, сонымен қатар мұз үйінділерін роторлық лақтыруға және орнын ауыстыруға.

§ 2. Жазғы тазартудағы жалпы ережелер

      62. Үйлердің аулаларын, аула ішіндегі өтпе жолдарды және тротуарларды қоқымдардан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалауды, сондай- ақ күні бойы тазалықты қолдауды аулаға бекітілген субъектілер қамтамасыз етеді.
      63. Кішігірім нысандардың иелері (автотұрақтар, көлік жөндейтін орындар, ангарлар, қойма түріндегі құрылымдар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалық және бөлінген аумақтың тазарту бойынша келісім-шартқа отыруы, немесе оны өз күшімен ұйымдастыруы тиіс.

5 тарау. Елді мекендердің аумағындағы қалдықтарды жинау,
уақытша сақтау және шығару

      64. Қала, ауыл аумағында қызмет жасайтын заңды тұлғалар (ПИК, ҮИКБ және басқалар), басқа шаруашылық субъектілері, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер иелері заңнама бойынша бекітілген ҚТҚ жиналу нормаларына сәйкес сұрыптайтын, заласыздандыратын және ҚТҚ пайдаға асыру үшін өңдейтін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім шарты бар, ҚТҚ шығаратын мердігер кәсіпорынмен келісім шартқа отыруы қажет.
      65. ҚТҚ шығару өкілетті органдар өткізген конкурсты (тендерді) жеңіп алған, кестеде мерзімі көрсетілген (ҚТҚ шығару келісім шартына қосымша) қоқыс шығарушы кәсіпорындар жүргізеді.
      Қоқыс шығарушы кәсіпорындар қоқыстарды сұрыптайтын, залалсыздандыратын және ҚТҚ-ны пайдаға асыру үшін өңдейтін, соңынан қоқысты жоятын, мамандандырылған кәсіпорындарға қоқысты шығару және жеткізу қызметтерін уақытында көрсетуі тиіс.
      66. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.
      67. Жылжымайтын нысандарды салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар қоқыстарды жою үшін, оны өздігінен шығаруға немесе шығару жөніндегі қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім шарттар жасау қажет.
      68. Үй-жайлардың аумағында көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар контейнер орнататын арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
      69. Аумақтарында (бөлініп берілген, бекітілген, аула ішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер келесі талаптарды орындаулары қажет:
      1) контейнерлік алаңшалардың кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдері болуы тиіс;
      2) контейнерлік алаңшалар маңайындағы жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
      3) контейнерлік алаңдар мен оның аулаларының тазалық жағдайын қамтамасыз ету;
      4) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, уақытында шарт жасасуға;
      5) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
      6) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайы автокөліктің жұмысына және тұрғындардың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістер мен оларға өтетін жолдарды қар мен мұздан тазарылуын қамтамасыз етуі керек.
      70. Контейнерлік алаңшаларды және контейнерлерді қолданатын, қызмет көрсететін ұйымдардың орындауы қажет:
      контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарды ауыстыруы;
      қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштарды астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, зарарсыздандырылуын және шыбындарға қарсы дезинфикция жасауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану қажет.
      71. Контейнерлер орнату алаңшалар тұрғын-жай және қоғамды ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтық дем алатын орындарынан қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі орнататын контейнерлер санына есептелуі қажет.
      72. Контейнерлік алаңдарды орналастыру мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдарымен, пәтер иелері кооперативімен келісу қажет.
      73. Контейнерлердегі қоқыстарды тиеу кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын ҚТҚ, ІКҚ шығаратын ұйымның қызметкерлері жүзеге асырады.
      74. Қоқыс қабылдағыш камераға құлып салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне рұқсат жоқ.
      75. Жөнсіз үйінділерге, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жөнсіз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөнсіз үйінділер орнын қалпына келтіру жұмыстары өкілетті органдар белгілеген мерзімде аумақ иесінің немесе жер пайдаланушы қаражаты есебінен жүргізіледі.
      76. Базарларда, саябақтарда, демалыс орындарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда, көшелерде, қалалық, ауылдық жолаушылар тасымалдау көліктері аялдамаларында, сауда нысандарының кіре берістерінде міндетті түрде қоқыс жәшіктері орнатылуы тиіс. Қоқыс жәшіктері бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қоқыс жәшіктері орнатылады. Қалалық, ауылдық жолаушылар тасымалдау көліктері аялдамаларында және сауда нысандарының кіре берістерінде екі қоқыс жәшігінен орнатылуы тиіс.
      77. Қоқыс жәшіктерін орнату мен тазалау мемлекеттік тапсырыс келісім шартына сәйкес пайдаланушы мердігер кәсіпорындар және иелігінде немесе қолданысында аумағы бар шаруашылық субъектісі жүргізеді. Жәшіктер толуына қарай тазаланады.
      78. Жәшіктер ластануына қарай жуылуы тиіс, бірақ аптасына бір реттен кем емес.

6 тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша құрылғыларды орнату,
сондай-ақ ортақ пайдаланудағы демалыс аймағын күтіп ұстау

      79. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің нысандарын (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      80. Сәулеттік және түстері туралы шешім сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелерінің қаражаты есебінен, сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілген сыртқы түрі мен түсі шешімін сақтауды ескере отырып, орындалуы тиіс.
      81. Ұсақ бөлшектік сауда нысандары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, маңайында жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды тек осылар үшін арналған орындардан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға болмайды.
      82. Сауда нүктелерінің иелері маңайында жатқан аумақтық (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек.
      Маңайында жатқан көріктендіру нысандарына, жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, көріктендіру нысандарын өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.
      83. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен келісім шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.
      84. Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтары – саябақтар, скверлер, бульварлар, жаға жайларды ұстау бекітуіне сәйкес іске асырылады.
      85. Көпшілік демалатын аймақта рұқсат берілмейді:
      қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерді жууға және тазалауға;
      көгалдарға, гүлзарларға, тротуарларға нысандарды орналастыруға; мангалды қолданып, ашық отта кәуап және басқа тағамдарды пісіруге.

7 тарау. Тұрғын үйлер орамдарын көріктендіру

      86. Тұрғын үйлер орамдардың аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
      87. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімдерімен келісілуі керек.
      88. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға тиісті:
      көтермелердің, жаяу жолдардың, жүргіншілер жолының, орам ішіндегі кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
      өзіне тиісті жер телімдерін (алаңдар мен аумақтар) көгалдандыруға, уақтылы ағаштардың қураған бұтақтарынан арылу мен қатар адам өміріне қауіп төндіретін, елді мекендердің көркін бұзатын қураған ағаштардан тазартып, жаңадан ағаш көшеттерін отырғызуға;
      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      ауланың ішкі аумақтарына құрылыс материалдарын үюге жол бермеу;
      өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      шағын сәулет пішіндерін, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
      89. Тұрғын үйлердің аулаларында, сондай-ақ ауланың ішкі аумағында рұқсат етілмейді:
      1) ауланың ішкі және ішкі орам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      2) арнайы бөлінген және белгілермен, таңбалармен белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және аялдатуға.

8 тарау. Ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерді күтіп ұстау

      90. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар және басқалар) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етуге тиісті.
      Дүкендер мен офистердің қала, ауыл көшелері жағына шығатын витриналары жарықпен безендірілген болуы тиіс.
      91. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың үйлесілімділік элементтері қайтадан жабдықтауға болмайды.
      немесе бөлінген қаражат есебінен жүргізуі керек.
      92. Егер де бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың пайдалану ауданына қарай қасбетін жөндеуге, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға жұмсалатын қаражатты біріктіріп, жұмсауына болады.
      93. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес мәдениет бөлімі мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің келісімімен орындалады.
      94. Рұқсат етілмейді:
      алдын ала сәулеттік бөліктерді қалпына келтірмей ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;
      табиғи немесе жасанды тастармен қапталған қасбеттерді сырлауға.

9 тарау. Көркем безендіру және жарнама

      95. Маңайдағы аймақта, сонымен қатар ғимараттардың, жарнама беретін жарнама тақталарында орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнамалар мен ақпарат нысандары таза ұсталуы және түнгі уақытта жарықтандыратын арнайы прибормен жарықтандырылуы тиіс. Рұқсат құжатнамасы бар заңды және жеке тұлғалар бұларды күтіп ұстауды қамтамасыз етуге қажет.
      96. Жарнама құрылғысының иесі жарнама құрылғысын орналастырғаннан соң және орнынан алған соң аумақты көріктендіріп, қалпына келтіруге тиісті.
      97. Жарнамалық құрамалардағы кескіндемені (плакаттарды) алмастырғанда автокөлікпен көгал алаңдарға кіруге болмайды.
      98. Кәсіпорындар мен ұйымдар ғимараттың бекітілген аймағын және қасбетін эстетикалық түрін қамтамасыз етуі керек. Кіре берісінде сыртқы есікте маңдайша жазулар, яғни кәсіпорынның бағдары туралы ақпараттар, фирмалық аталуы, тіркелген тауарлық белгісі (тауарлардың және қызметтердің тізімінсіз), тұтынушыны хабардар ететін кәсіпорынның мекен-жайы және ғимараттың қасбетінде оған кіру бағыты көрсетілген ақпараттар, кәсіпорын орналасқан орынжайдың ілінуі тиіс.
      99. Кәсіпорынның жұмыс жасау тәртібі туралы мәліметті тұтынушыға жеткізуге арналған баспа материалдары түріндегі плакаттарды кәсіпорындардың витриналарына (терезелеріне), есіктеріне орналастыруға болады.
      100. Кәсіпорындардың тауарлары мен көрсететін қызметтері туралы ақпараттармен витриналарды ішкі жағынан безендіріліп, сондай-ақ тауар өнімдерінің үлгісі, өздерінің фирмалық аталуы, олардың тауарлық және қызметтік белгілері, кәсіпорынның бағытын ашатын және фирмалық аталуына сәйкес бейнелеу элементтері, декоративті, мейрамдық безендірулер жасауға болады. Витринаның безендірілуі эстетикалық талаптарға сәйкес болуы керек.
      101. Қаланың, ауылдың жалпы пайдаланатын жерлерінде мерекелік безендіруді ұйымдастыру, орналастыру және орнынан алу жұмыстарын қаланың тиісті қызметтері орындайды.
      102. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық, ауылдық жолаушылар көліктері павильондарына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге рұқсат етілмейді.
      Барлық нысандардан (ғимараттардың қасбеттері, дүкендер, байланыс жүйелерінің және сыртқы жарықтандыру бағаналары және тағы осылар сияқты) өз еркімен ілінген жарнамалық және басқа хабарландыруларды, жазуларды және суреттерді олардың ведомстволық тиістілігіне қарамастан қала және ауылдық әкімдердің аппараттарына, сонымен қатар иелері мен жалға алушыларға жою жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру жүктеледі.

10 тарау. Аялдама пункттеріне қойылатын талаптар

      103. Аялдама пункттері "Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық елді-мекендерді жоспарлау және құрылысын жүргізу" Ережесінің талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрінің міндетін орындаушының 2004 жылға 10 наурызда ы N 113-1 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау Ережесін және жол қозғалысы Ережесін, оларға жолаушылардың қауіпсіз және жайлы баруын ескеріп орналастырылады және жабдықталады.
      104. Аялдамадағы сауда кешендерінің иелері, жолаушылар аялдаманы таза, күтіп ұстауға тиісті.

11 тарау. Елді мекендер аумағындағы көріктендіру жағдайына,
тазалауды және тазалық сақтауды ұйымдастыруды бақылау бойынша
өкілетті органдардың және мемлекеттік органдардың құзыреті

      105. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес осы Ереженің сақталуын бақылауды қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет-құрылысты бақылау, өртке қарсы және санитарлық қадағалау, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдармен олардың құзіретінің шегінде жүргізіледі.

3 Бөлім. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың
жауапкершіліктері

      106. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 387-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес ереже бұзушылар әкімшілік жауапқа тарту, оларды келтірген материалдық зиянының орынын толтырады және осы Ережеде қарастырылған талаптарды орындаудан және жіберілген тәртіп бұзушылықтарды қалпына келтіруден босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады