1993 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесіне есепке алу мен тіркеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2010 жылғы 25 қаңтардағы N 1-2 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының әділет басқармасында 2010 жылы 05 ақпанда N 2-14-86 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2010 жылғы 25 маусымдағы N 6-15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімінің 2010.06.25 N 6-15 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскери шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.
      2. Кенттік, ауылдық округ әкімдеріне:
      1) шақыру учаскесінде тіркелуге тиіс 1993 жылы туылған азаматтардың және түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтардың тізімі "Алматы облысы Ескелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын;
      2) шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтарға оларды әскери шақыру учаскесіне жеке шақыру қағазы арқылы хабардар етуге және оларды шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
      3) тізімдердің дұрыстығын тексеруде қорғаныс істер жөніндегі бөлімге нақты көмек көрсете отырып, денсаулық жағдайына қарамастан 1993 жылы туылған азаматтардың барлығының тізімге алынуын, шақыру учаскесінде олардың тізімделуінің нақты өткізілуін қатаң бақылауға алсын;
      3."Көксу ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Ағыбаев Ғани Бартайұлына (келісім бойынша):
      1) "Алматы облысы Ескелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тіркелетіндерді тізім бойынша олардың әскерге жарамдылығын анықтау үшін, барлық жасөспірімдердің кеуделеріне флюрография, электрокардиограмма, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемоглабинді, лейкоцидтерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, сондай-ақ резустың оң және терістігіне тексеру жүргізілсін;
      2) 2010 жылдың 10 қаңтарына дейін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың нысанындағы амбулаториялық картасы мен қосымшасын, туберкулез, жүйке аурулары диспансерлерінде және жасөспірімдер кабинетінде есепте тұрғандардың тізімін берсін;
      4. "Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Шаяхметова Айгүл Нұртайқызы:
      1) мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған азаматтар тізімін "Алматы облысы Ескелді ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскери шақыру учаскесіне тапсырсын.
      5. "Көксу ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Төкенова Сағымбала Күлсейітқызына:
      1) тізімдеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жалпы білім деңгейі және мамандығы белгіленген азаматтар тізімі ұсынылсын.
      6. "Көксу аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Байжұрынов Бақмұрат Дүйсембайұлы (келісім бойынша):
      1) әскери шақыру учаскесіне тіркелуден жалтарған азаматтарды іздестіру іс-шараларын ұйымдастырсын;
      7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Садықова Әлия Секерғалиқызына жүктелсін.
      8. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                М. Өсербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады