Райымбек ауданы бойынша мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы N 12 қаулысы. Алматы облысы Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 наурызда N 2-15-84 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 14 қарашадағы N 191 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 14.11.2013 N 191 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2), 5-3) тармақшаларына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бап, 1-тармақ, 13) тармақшасына сәйкес, жалпы жұмыс орындары ішінен мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту және арнайы жұмыс орындарын құру мақсатында аудан Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Меншік нысанына қарамастан ауданның мекеме, кәсіпорындарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Бекітілген жұмыс орындарының квотасы бойынша мүгедек азаматтарды жұмысқа қабылдау мүмкіндігі пайда болған күннен бастап үш күн мерзім ішінде «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жұмыс орындары жайлы ақпараттарды ұсынып отыру және жолдамамен жіберілген мүгедек азаматтарды міндетті түрде жұмысқа қабылдау мекеме, кәсіпорын басшыларына тапсырылсын.
      3. Әр тоқсан сайын квота есебінен бөлінген жұмыс орындарының толығуы жөнінде ақпараттар беріп отыру мекеме, кәсіпорын басшыларына және квота есебінен бөлінген жұмыс орындарының толығуын бақылап отыру «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Зықаев Халық Сансызбайұлына міндеттелінсін.
      4. Аудандық Әділет басқармасынан 18 қаңтар 2006 жылы № 2-15-18 мемлекеттік тіркеуден өтіп, аудандық «Хан тәңірі» газетінің 23 қаңтар 2006 жылғы № 4 (7423) санында жарияланған, аудан әкімдігінің «Мүгедек адамдарды жұмысқа қабылдау квотасы туралы» 15 желтоқсан 2005 жылғы № 1555 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау басшылық жасау аудан әкімінің орынбасары Қуанышев Ерлік Қуанышұлына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                     А.Айтжанов

Аудан әкімдігінің 8 ақпан
2010 жылғы № 12 санды
қаулысының қосымшасы

Райымбек ауданы бойынша мүгедек адамдарды жұмысқа
қабылдау үшін жұмыс орындарының квотасы бекітілген
мекеме, кәсіпорындар
тізімі

Мекеме, кәсіпорындар аттары

Бекітілген жұмыс орындарының саны

1

Текес ауылындағы балалар өнер мектебі МКҚК

1

2

Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі

2

3

Нарынқол орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі

1

4

Райымбек аудандық телекоммуникация торабы

2

5

Аудандық пошта байланыс торабы

2

6

«Райымбек аудандық денсаулық сақтау МҚК

1

7

Алматы облысы халыққа қызмет көрсету орталығының Райымбек аудандық филиалы

1

8

«Кеген су құбыры» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1

9

«Райымбек аудандық кітапхана» мәдениет мемлекеттік мекемесі

1

10

«Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі

2

11

«Нарынқол ауылының ауылдық ауруханасы» МКҚК

1

12

«Барыс-Агро-Сервис» ЖШС

1

13

Райымбек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мемлекеттік мекемесі

1

14

Жалаңаш мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты МКҚК

1

15

Нарынқол мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты МКҚК

1

16

«Қайнар» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі

1

17

Зейнетақы төлеу орталығының Райымбек аудандық бөлімшесі

1

18

«С.Сауранбаев орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

19

«Ұ.Бағаев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

20

Райымбек аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы

1

21

Ұзынбұлақ өндірістік кооперативі

1

22

«Сарыжаз орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

23

«Ө.Жаңабаев атындағы Кеген орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

24

«№ 2 Кеген орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

25

«№ 3 Кеген орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

26

«О.Жандосов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

27

«Ақсай орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

28

«Тасашы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

29

«Бөлексаз орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

30

«Жаңа-Текес орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

1

31

«Ж.Ермегияев атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

32

«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

33

«Көмірші орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

34

«Жәмеңке орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

1

35

«І.Жұмағұлов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1

36

«М.Орманов атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады