Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 24 маусымдағы N 190 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 23 шілдеде N 2-17-88 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 қыркүйектегі N 279 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2010.09.23 N 279 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 25 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 қаулысының 5 тармағына және Сарқан ауданының Әділет басқармасындағы нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 13 сәуірінде N 2-17-83 болып енгізілген Сарқан ауданы мәслихатының 2010 жылғы 13 наурызындағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматқа) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" N 32-205 шешімін жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық, поселкелік және қалалық округтердің әкімдері:
      - аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматқа) тұрғын үй көмегіне мұқтаж, тұрмысы төмен отбасыларды (азаматтарды) анықтау үшін комиссия құрсын.
      2. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі бекітілсін.
      3. "Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Тертюбаев О.Ш.) тұрғын үй көмегіне мұқтаж анықталған отбасыларына тұрғын үй көмегінің төленуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               С. Бекішов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады