Ұйғыр ауданы бойынша 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 12-07 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ұйғыр ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 21 қаңтарда N 2-19-112 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2011 жылғы 23 мамырдағы N 05-07 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің 2011.05.23 N 05-07 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу және әскери - техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды iрiктеу мақсатында Ұйғыр ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген еркек жынысты азаматтарды Ұйғыр ауданы Шонжы селосы А. Арзиев көшесі, 61 мекен – жайында орналасқан шақыру учаскесіне "Ұйғыр ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылып және қамтамасыз етілсін.
      2. Селолық округ әкімдері белгілеген мерзімде Ұйғыр аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтардың тізімдерін берсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Деменбаев Даулетжан Модиновичке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                К. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады