Тараз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 987 "2010 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 17 маусымдағы N 506 Қаулысы. Жамбыл облысы Тараз қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 08 шілдеде 108 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру және қаржыландырудың ережесіне» сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.«2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 987 Қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-1-98 тіркелген, 2010 жылғы 3 ақпандағы «Жамбыл Тараз» № 5 газетінде жарияланған) келесі өзерістертер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған Қаулының қосымшасындағы:
      1 жолдағы:
      «Демалыс күндерiн ескере отырып, күнiне 7 сағат, 12 ай мерзімге» сөздері «Аптасына 40 сағат» сөздерімен ауыстырылсын;
      Мынадай мазмұндағы 6 жолмен толықтырылсын:

6

Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Спорт алаңдарының жұмысын жүргізу

Аптасына 40 сағат

20000 теңге жергілікті бюджет

10

10

      «Барлығы» деген жолда:
      «220» деген сандар «230» санымен өзгертілсін.
      2. Осы Қаулы Әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Мәдиеваға жүктелсін.

      Тараз қаласының әкімі                      Е. Астаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады