Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Жуалы аудандық Мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 35-16 Шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 13 қаңтарда № 6-4-98 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық Мәслихатының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 20-5 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Жуалы аудандық Мәслихатының 05.09.2013 № 20-5 шешімімен
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 – бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жуалы ауданындағы ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде аудандық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен әлеуметтік көмек ретінде біржолғы төлем берілсін.
      2. «Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алу бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 30 наурыздағы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1609 тіркелген, 2005 жылғы 17 сәуірдегі № 37 аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінде жарияланған) № 99 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      А. Елекбаев

Аудандық мәслихатхатшысы
Е. Аманбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады