2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуіріндегі N 102 Қаулысы. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 02 маусымда 91 нөмірімен тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімі аппаратының 15.11.2013 № 05-1357 хаты).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занының 31-бабы 1 тармағының 8) тармақшасы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Занының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығына және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуіріндегі № 313 Қаулысын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегізден жиырма жетіге дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқада әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Джанабердиев Бауыржан  Советұлы

-

«Жамбыл облысы Қордай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы; (келісімі бойынша)

Шынгожаева Алина Александровна

-

Қордай ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік - құқықтық жұмысы бөлімінің бас маманы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы, комиссия төрағасының орынбасары;

комиссия мүшелері:

Шынқожа Қуатбек Төребекұлы

-

«Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің Қордай аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия мүшесі; (келісімі бойынша)

Озиев Джапар Уршанович

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының хирургия бөлімінің меңгерушісі, медициналық комиссияның мүшесі; (келісімі бойынша)

Сахаева Мадина Ернархановна

-

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының  Қордай аудандық орталық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медбикесі,әскерге шақыру комиссиясының хатшысы; (келісімі бойынша)

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қордай аудандық әкімдігінің 2010.11.23 № 473 Қаулысымен.

      3. «Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Қордай ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Құсқанбаев Берік Жамалбекұлы (келісімі бойынша) өз құзіреті шегінде әскери міндеттерін өтеуден жалтарып жүргендерді іздеу және оларды ұстау, сонымен қатар әскери бөлімдерге жөнелтілу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Жамангозовке жүктелсін.
      5. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 15 сәуірінен пайда болған қатынастарға қолданылады.
      
      Қордай ауданының әкімі                     І.Тортаев

Қордай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәурдегі «Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан–желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметін өтеуге кезекті шақыру туралы» № 102 қаулысына келісім парағы

«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы Қордай ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.С. Джанабердиев
27 сәуір 2010 жылғы

«Жамбыл облысы ішкі істер Департаментінің
Қордай аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Ж. Құсқанбаев
27 сәуір 2010 жылғы

«Жамбыл обласы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы Қордай аудандық
орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері
Э.Ф. Заманов
27 сәуір 2010 жылғы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады