Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы N 46 Қаулысы. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 наурызда 53 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2012.01.31 № 62 Қаулысымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. «Мойынқұм ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М. Есіркепов) заңнамада белгіленген тәртіпте әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
      3. Осы Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Жантоқовқа жүктелсін.
      4. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мойынқұм ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Естаев

Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 16 ақпандағы
№ 46 Қаулысына № 1-қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер төмендегі талаптарға сай болуы керек;
      1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі бар болуы;
      2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындары немесе оларды құруға мүмкіндігі бар болуы;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.
      2. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды құрады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады