Жезқазған қаласының көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 09/10 қаулысы және Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/292 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 2 тамызда N 8-2-120 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабы 4 тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жезқазған қаласының 8 мөлтөк ауданының атаулары жоқ көшелеріне:
      1) 8 мөлтек ауданының атауы жоқ көшесіне Уәйіс Байжанұлы;
      2) 8 мөлтек ауданының атауы жоқ көшесіне Бабыр би;
      3) 8 мөлтек ауданының атауы жоқ көшесіне Бозай-баба деген атаулар берілсін.
      2. Жезқазған қаласының 30 лет Победы көшесі Жеңіс көшесіне қайта аталсын.
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының
      әкімі                                      Балмағамбетов Қ.С.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Төлеуов С.Ж.

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Әбдіров Қ.С.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады