2011 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның құнын белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/332 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 қаңтарда N 8-2-133 тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2011 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның құны белгіленсін.
      2. Жезқазған қалалық мәслихатының "2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында базарларда тауарларды сату құқығына берілетін бір жолғы талонның бағасын белгілеу туралы" 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/284 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-117 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 6 тамызындағы N 57 (7674) "Сарыарқа" газетінде және 2010 жылдың 13 тамызындағы N 53 (223) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Әбдіров Қ.С.

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жезқазған қаласы бойынша                  Ахметов Батырлан
      салық басқармасы" мемлекеттік              Дүйсенбайұлы
      мекемесінің бастығы
      23.12.2010 жыл

Жезқазған қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
N 28/332 шешіміне қосымша

Жезқазған қаласындағы базарларда тауарларды сату құқығын беретін бір жолғы талонның құнын есептеу

Базар атауы

Мамандандыру

Сауда орнының түрі

Бір күнгі талонның құны (теңге)

"Шаруа" базары, Фирма "Арат" Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі 67

өнеркәсіптік

үлкен сөрелер

230

кіші сөрелер

170

көліктен

594

азық-түліктік

ет сөрелер

350

азық-түлік сөрелер

255

жеміс-жидек

200

көліктен

594

"Нарық" базары, "Панацея" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі 12

өнеркәсіптік

павильоннан

284

үлкен сөрелер

220

кіші сөрелер

160

көліктен

594

азық-түліктік

ет сөрелер

340

азық-түлік сөрелер

230

жеміс-жидек

170

көлік

594

"Мерей" базары, Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі 60а

өнеркәсіптік

үлкен сөрелер

250

орта сөрелер

230

кіші сөрелер

170

азық-түліктік

үлкен сөрелер

255

кіші сөрелер

190

"Жансая" базары, Жезқазған қаласы, Абай көшесі

өнеркәсіптік

сөрелер

280

автокөліктерді сатуды жүзеге асыру

150

Жезқазған қаласы, вокзал алаңындағы шағын-базар

өнеркәсіптік

сөрелер

62

азық-түліктік

сөрелер

63

"Тұрсынай-Ана" базары, Жезқазған қаласы, Некрасов көшесі

азық-түліктік

үлкен сөрелер

255

кіші сөрелер

170

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады