2010 жылға арналған Теміртау қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/12 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 18 ақпанда N 8-3-96 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 наурыздағы N 9/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011.03.03 N 9/1 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.

      Жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірушілерді, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту және олардың практикалық тәжірибе, дағды мен білім жинауы мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 6-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысына сәйкес және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-89 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы 23 сессиясының "2010 - 2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 23/5 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Уәкілетті орган – "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі):
      1) жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген, мамандығы бар жоғары және орта кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыз жастар арасында Жастар практикасын өткізу жұмыстарын ұйымдастырсын, жұмысқа орналасуға ықпал етсін және еңбек нарығындағы бәсекелестікті арттырсын;
      2) кәсіптік оқу орындарын бітірген жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіптік практиканы ұйымдастыруға шарттар жасасын;
      3) Жастар практикасын өткізу шараларын 2010 жылы қаржыландыруды республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер шегінде 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бағдарламашасында қарастырылған, сондай-ақ 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында қарастырылған қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізсін;
      4) жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысын 20000 теңге мөлшерінде белгілесін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 ақпаннан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады