Балқаш қаласы және әкімшілік-аумақтық іргелес кенттердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі N 32/259 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 10 қыркүйекте N 8-4-194 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011 жылғы 21 қарашадағы N 53/404 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.11.21 N 53/404 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710, 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 512, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" N 2314 қаулыларына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 1 қосымшаға сәйкес қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. 2 қосымшаға сәйкес Балқаш қаласы және әкімшілік-аумақтық  іргелес кенттердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Баймағанбетов Е.К.).
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            А. Тунгишбаев

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                И. Сторожко

      КЕЛІСІЛДІ

      Қала әкімі                                 Тейлянов К.Г.
      30.07.2010 ж.

      Қаржы бөлімінің бастығы                    Томпиева Ж.К.
      30.07.2010 ж.

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі бастығының
      міндетін атқарушы                          Кондубаева А.Б.
      30.07.2010 ж.

Балқаш қалалық
мәслихаттың 2010 жылғы
30 шілдедегі N 32/259 шешіміне
1 қосымша

Қалалық мәслихаттың күші жойылған шешімдерінің тізімі

      1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-52 болып тіркелген, 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 104 "Балқаш өңірі" газетінде, 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 90-91 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).
      2. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 27 маусымдағы N 44/430 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-79 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 60 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 79-80 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).
      3. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 4/40 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-94 болып тіркелген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 7 "Балқаш өңірі" газетінде, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 10-11 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).
      4. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 11 қарашадағы N 24/181 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидаларын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-158 болып тіркелген, 2009 жылғы 18 желтоқсандағы N 149-150 "Балқаш өңірі" газетінде, 2009 жылғы 18 желтоқсандағы N 148-149 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған).

Балқаш қалалық
мәслихатының 2010 жылғы
30 шілдедегі N 32/259 шешімімен
бекітілген

Балқаш қаласы және әкімшілік-аумақтық іргелес кенттердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 241-297 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңының 36 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" N 710 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" N 2314 қаулысына сәйкес әзірленді және Балқаш қаласының және әкімшілік-аумақтық іргелес кенттердің аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен берілетін мөлшерін анықтайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.12.24 N 39/303 (ресми жарияланған күннен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы комиссия - тұрғын үй көмегін тағайындау (немесе бас тарту) мәселелері бойынша даулы, қалыпсыз немесе ерекше жағдайларды қарайтын, уәкілетті органның жанындағы комиссия;
      2) кондоминиум - үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкін күнделікті күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкін күнделікті пайдалануға және жөндеуге жұмсалатын шығыстарға, тұрғын үй (пәтер) иелерінің жалпы жиналыс шешімімен белгіленген, міндетті төлемдердің сомасы;
      5) кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;
      6) коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды (оның ішінде қатты отын), қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
      7) отбасы – заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
      8) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берілген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының алған табысының жалпы сомасы;
      9) өтініш беруші (жеке тұлға) – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      10) тұрғын үй көмегі – отбасыларға (азаматтарға) мынадай шығындардың сомаларын төлеу бойынша жартылай орнын толтыру үшін берілетін жәрдемақы:
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күнделікті ұстау мен күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғайту бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге берiледi;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына.
      11) тұрғын үй көмегін беру жөніндегі уәкілетті орган – қаланың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган);
      12) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғайту бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күнделікті күтіп-ұстау мен күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға отбасының бір айда жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      13) шот - жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн төлеуге, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күнделікті күтіп-ұстау мен күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға жұмсалған шығыстарының төлеу құжаты (түбіртек, хабарлама, анықтама), ол қызметтермен жабдықтаушы электрондық жеткізгіште немесе өтініш беруші тұрғын үй көмегі тағайындалған кезеңде қағаз жеткізгіште тапсырлады.
      2. Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi қызметтермен жабдықтаушы ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
      3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған Балқаш қаласында және әкімшілік-аумақтық қосылған кенттердің тұрақты тұратын отбасыларға (азаматтарға), осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) болып табылатын, егер кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күнделікті күтіп-ұстау мен күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға және коммуналдық қызметтерін төлеу, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына жумсалатын шығындары, өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген, тұрғын үй ауданы нормасының шегінде болса, бірақ осы мақсаттарға жұмсалатын шығындардың мүмкіндік шегі деңгейінен асатын отбасы бюджетіндегі, кондоминиум объектiсiнiң күнделікті күтіп-ұстау мен ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы шығындарының нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса беріледі.
      Жалпы сома есебімен жоғарыда аталған мақсаттарды төлеуге шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының жиынтық табысына 8 пайыз мөлшерде белгіленеді және осы мөлшер аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көмек көрсету үшін белгі болып табылады.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.12.24 N 39/303 (ресми жарияланған күннен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау

      4. Уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауында келесі нормалар есепке алынады:
      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормасы бір адамға, тұрғын үй заңнамасымен белгіленген, тұрғын үй беру нормасына баламалы және көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) тұратын әр мүшесіне 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде (тұрғын үй-жайда) тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде (тұрғын үй-жайларда) жалғыз тұратын азаматтар үшін ауданның әлеуметтік нормасы 30 шаршы метрді құрайды;
      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
      газдың тұтыну нақты шығындар бойынша, бірақ мынадан артық болмауы тиіс:
      газ плитасымен жабдықталған үйлерде, орталықтандырылған ыстық су болған жағдайда - айына бір адамға 8 килограмм;
      газ плитасымен жабдықталған үйлерде, орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда - айына бір адамға 10 килограмм.
      Баллон газы екі қабаттан аспаған тұрғын ғимараттын пәтерлерінде есепке алынады.
      Қатты отынды тұтыну:
      1 шаршы метр алаңды жылытуға:
      1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар ушін: 1-2 қабатты үйлер - 161 килограмм, 3-4 қабатты үйлер – 98 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде);
      1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар ушін: 1-2 қабатты үйлер - 125 килограмм, 3-4 қабатты үйлер – 72 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде).
      Тұрғын үй көмегін есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Балқаш қаласында қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;
      отбасына электр қуатын тұтыну нақты шығындар бойынша, бірақ мынадан артық болмауы тиіс:
      газ плитасымен жабдықталған үйлерде - 150 киловатт;
      электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловатт.
      3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқыс төккішті, кондоминиум объектiсiнiң күнделікті күтіп-ұстау мен ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға жумсалған шығындарды тұтыну нормалары, басқару нысанына байланыссыз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай, басқарудың заңды улгісін рәсімдегендер), қызмет жабдықтаушылармен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекіткен тарифтердің негізінде белгіленеді.
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген кезектілігі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісіліп, үй пәтерлердің меншік иелерінің жалпы жиналысындағы шешімімен анықталады.
      5. Кондоминиум объектiсiнiң күнделікті күтіп-ұстау мен ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға және коммуналдық қызметтерді тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына жумсалатын шығындары белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
      6. Телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте өтемақы белгіленеді.

3. Тұрғын үй көмегінің тағайындау және төлеу тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегі уәкілетті органмен тұрғылықты мекенжайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
      8. Жеке меншігінде бір бірлігінен (үлестен) артық тұрғын жайы бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үй-жайларын жалдауға (жалға алу) немесе қосымша жалдауға беретін отбасыларының тұрғын үй көмегін алу құқықтары жоқ.
      9. Тұрғын үйде бірнеше меншік иесі тұрған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау отбасы құрамындағы басқа меншік иелерін есепке алып ұсынылған өтініштің себептері бойынша бір ғана тұлғаға жүргізіледі.
      10. Тұрғын үй қөмегін алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
      11. Күтімге мұқтаж деп танылған, сексен жастан асқан адамдарға және мүгедектерге күтім жасайтын, немесе жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен (біреу және одан да көп), сондай-ақ кіші баланың бірінші сыныпты аяқтауына дейін төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын (бірақ тоғыз жастан аспайтын) азаматтарды, кіші бала сегіз жасқа толғанға дейін балаларға және өзіне арналған асыраушысынан айрылғандығы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды есепке алмағанда, отбасылардың, егер оларда, жұмыс істемейтін, оқудың күндізгі нысаны бойынша оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы болып табылмайтын еңбекке қабілетті адамдар бар болса тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
      12. Жұмыс істемейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, N 1 және N 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын адамдарға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
      13. Құлықсыз өмір салтын ұстанатын, алкогольге немесе есірткіге тәуелді жұмыс істемейтін отбасы мүшелерімен сонымен қоса, 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иесі болып табылатын зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй ауданының нормасы (18 шаршы метр) және бір адам үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде тұрғын үй көмегі беріледі.
      14. Жанжалды немесе қалыпсыз жағдайлар пайда болған кезде, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселесі сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
      15. Кондоминиум объектiсiнiң күнделікті күтіп-ұстау мен ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтыну және жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына жумсалатын шығындары үшін нақты есептелген сома туралы мәліметтер уәкілетті органның сұранымы бойынша қызмет көрсетушілермен қағаз немесе электрондық тасығыштарда, не жеке тұлғалармен қағаз тасығыштарда беріледі.
      16. Тұрғын үй көмегінің төлемдері ақшалай немесе аударма түрінде уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Аударма түрі – алушының жеке шотына ауыстырумен қызмет жеткізушінің, кондоминиум объектісін басқару органдарының есептерінен есептелген жәрдем ақшаны аудару жолы.
      Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есепшоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді.
      17. Тұрғын үй көмегі төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі

      18. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап бір жылға тағайындалады.
      19. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күннің ішінде тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органға хабарлауы қажет.
      Өтемақының артық немесе кем тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді өтініш берушімен берген үшін тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылады.
      20. Кондоминиум объектiсiнiң күнделікті күтіп-ұстау мен ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтыну, жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына және телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғайту бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге жумсалатын шығындарының ақысын төлеу отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі, сонымен қатар коммуналдық қызметтер тарифтері өзгерген жағдайда, тиісті өзгерістер болған сәттен бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылардың қайта есептеуі жүргізіледі.

5. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі.

      21. Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беруші уәкілетті органға немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш пен (1 қосымша) келесі құжаттарын тапсырады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың көшірмесі, жалғызілікті алпыс бес жастан асқан адамдарды қоспағанда, (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органның анықтамасы);
      5) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама, еңбек шарттын көшірмесі, уәкілетті органнан жұмыссыздығын растайтын анықтама, салық басқармасынан алынған жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі немесе тіркелмегендігі туралы анықтама, оқу қызмет орнынан және басқалар);
      6) тұрғын үйді күнделікті күтіп-ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтыну, байланыс қызметін көрсету бойынша шығындардын төлеу туралы мәліметтер (түбіртек, анықтама, хабарлау құжат, шарт);
      7) кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің түрлерін өткізудің шығындар сметасының негізінде, жергілікті уәкілетті органмен (тұрғын үй инспекциясы) келісе отырып, пәтер иелері мен жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) жалпы жиналыста бекіткен және кондоминимум объектісін басқару органының бастығының қолы мен мөрі қойылған, кондоминимум объектісін басқару органы ұсынатын кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге нысаналы жарналардың және (немесе) ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот, жергілікті атқарушы орган ұсынған пәтерді жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      8) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет (жұмыс, оқу қызмет орындарынан анықтама және басқалар);
      9) Халыққа қызмет көрсету қалалық Орталығымен берген отбасының меншік құқығындағы тұрғын уй-жайдың (пәтердің, үйдің) бірлігі саны туралы ақпараттық анықтама;
      Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      22. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті орган бланкілер үлгісі 234 қосымшалар бойынша толтырады және тұрғын үй көмек алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
      23. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.
      24. Тапсырылған мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда, тұрғын үй көмегін алуға үмтылған адам туралы қажетті ақпаратты уәкілетті орган сұраныс жасауға құқықты.
      25. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй көмегін алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде, кондоминиум объектiсiнiң күнделікті күтіп-ұстау мен ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді пайдалануға және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне ақы төлеу мен тұрғын үйді жалға алу ақысы шығындарының төлеу сомасымен белгіленген отбасының аталған мақсаттарға шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.

6. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жиынтық табысты есептеу

      26. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкiлеттi орган есептейдi.
      27. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
      28. Отбасының жиынтық табысына отбасы құрамында есептелген барлық тұлғалардың табыстары енгізіледі.
      Есептеу кезеңінде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеуде, келесі тоқсанның бірінші айынан бастап келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы есепке алынады (есепке алынбайды).
      29. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттағы барлық табысы отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      30. Бір тоқсанан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық соммасы есептеледі.
      31. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
      32. Орташа айлық жиынтық табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын үш айға бөлу жолымен есептеледі.
      33. Отбасының жиынтық табысын есептетегенде, есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыс.
      34. Отбасының жиынтық табысында есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй көмек;
      3) он сегіз жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
      4) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      5) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      6) бюджеттік қаражат бойынша бір жолғы көрсететін, мерекелік және мерейтойлық күндерге орай, материалдық көмек;
      7) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      8) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      9) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      10) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      11) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заттай түрiнде көрсетiлген көмек түрлерi: дәрілiк препараттар, санаторийлiк-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу), жүріп-тұру құралдарды (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары, бiлiм беру туралы заңнамаға сәйкес білім беру ұйымдарында көрсетілетін көмек пен тегін тамақтандыру;
      13) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      14) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
      15) оралмандарға, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамалық кесімдермен көзделген қаражат:
      тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін жеткізу (оның ішінде малын) жөніндегі шығыстарды өтеуге;
      келген жерінде тұрғын үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге;
      16) жергілікті бюджет қаражатынан көрсетілетін жеке санаттағы азаматтарға, ақшалай немесе заттай түрдегі көмек, оның ішінде:
      қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек;
      азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер;
      17) 1, 2-топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар.
      35. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының, осы Қағидалардың 34 тармағында көрсетiлгендерден басқа, мынадай түрде алынған табысы есепке алынады:
      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан), негізгі және қосымша жұмыс орны бойынша;
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы. Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
      жұмыс берушi төлеген, өтелінген несиелер, кредиттер сомасы. Көрсетiлген төлемдер кредитті, несиені өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
      мүгедек баланы тәрбиелейтін отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия. Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде оқытудың күндізгі нысаны ақылы негізде шәкіртақы алмай оқитын студенттерге, студентпен ерікті мәлімделген табысы, жиынтық табыста ескеріледі.
      жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
      заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Ереженің 34 тармағының 11 тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
      осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
      36. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
      37. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.
      38. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен түскен табыс есепке алынады:
      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.
      Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан. Салық комитетінде тіркелген, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың табысы, азаматтармен жазбаша өтініш және салық комитетінің анықтамасымен расталады.
      39. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      40. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      41. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      42. Ата-ананың арасындағы неке бұзылған кезде, ері (зайыбы) балаларға алимент төлеу жағдайында тұрғын үй көмегі тағайындалады. Алимент өндіруге қарсылық білдірілсе, отбасы жәрдемақы алу құқығынан айрылады.
      43. Жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледі, егер төлеуші:
      жұмыс істемеген және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда;
      бас еркінен айыру орындарында немесе уақытша қамау орнында болса (түзету мекемесінің алименттер аудармағаны туралы анықтамасын ұсынған жағдайда);
      туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық диспансерлерде (стационарларда), емдеу-еңбек профилакторийiнде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (анықтамасын ұсынған кезде);
      Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты мекен-жайға орналасуға кеткен немесе іздеу салынған жағдайда (тиісті органдар растайтын құжатттармен қоса ұсынылған жазбаша өтініш негізінде есептелінеді);
      наркологиялық диспансердің анықтамасымен немесе уәкілетті органның арнайы комиссияның қорытындысымен расталған, есірткі заттарын, спиртті ішімдіктерді құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда;
      қамқорлыққа алғандығы рәсімделген балаларға алимент төлеуден бас тартқан (қамкорлыққа алғандағы туралы құжатты тапсырғанда).
      44. Егер баланың анасы баланың әкесімен некеге тіркелмеген болса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіру туралы сот шешімі болмаса, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледі.
      45. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      46. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша үш айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
      47. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде гүл өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
      48. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өсiру, мал мен құс ұстау және өсiру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс әр отбасы бойынша өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі және көлемі жөніндегі мәліметтері негізінде есептеледі.
      49. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Ережеге 567 қосымшалардың негiзiнде есептейдi.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
      50. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) бір килограмм өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Ережеге 5 қосымшаға сәйкес) шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезендегі айлар санына көбейтіледі.
      51. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органының деректері негізінде облыстық уәкiлеттi органмен берілетін орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
      Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органының деректерiне сәйкес, іске асырған тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
      52. Осы Ережеге 2 қосымшаға сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына облыстық статистика органының деректеріне сәйкес, оны сыйлаған немесе іске асырған (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша қосылады.
      53. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Ережеге 7 қосымшаға сәйкес уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде рәсімдейді.
      54. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден және сатудан;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендттер);
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металлдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металлдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) авторлық сыйақы түрiндегi;
      6) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      7) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      8) қайтарымсыз алынған ақша;
      9) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақы (мүдде) түрінде;
      10) ақшалай аударымдар;
      11) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      12) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
      55. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      56. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      57. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Балқаш қаласы және әкімшілік
-аумақтық іргелес кенттердің
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету Ережісіне
1 қосымша

Уәкілетті органға _____________________
(қала, елді мекен)
__________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
мекен-жайында тұратын _______________
(қала, елді мекен)
___________________________________
(көше, үй мен пәтердің N, телефоны)
жеке басының куәлігі N _____________
_____________________________ берген
берілген күні ________________________
ӘЖК N ___________________________
СТН _______________________________

Өтініш

      Менім отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
      Менің отбасым ____________ адамнан тұрады.
      Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.
      Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергені үшін тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады, ал заңсыз алынған сомасы ерікті түрде қайтарылуы тиіс, бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуы тиіс екендігі туралы ескертілді.
      Өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
      Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
      Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.

20___ж. "___"________________________________
                (өтініш берушінің қолы)

Құжаттар қабылданды:
20__ж. "___"_______ ___________ _____________________________________
                       қол     (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә.)

Балқаш қаласы және әкімшілік
-аумақтық іргелес кенттердің
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету Ережісіне
2 қосымша

Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы аңықтама

Азамат (ша) ______________________________________________

оның: ______________ көшесі (шағынаудан) ____үй ____пәтер ______ мекенжайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.

Отбасы құрамы ________________ адам.
Тұратын алаңы __________ шаршы метр.
Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N ____________________

___________________________________________________________
Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:

Т.А.Ә.

Туған жылы

Туыстығы

Қай уақыттан бері тұрады

















































Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды

Маманның қолы ______________________
Қабылдау мерзімі ___________________

Балқаш қаласы және әкімшілік
-аумақтық іргелес кенттердің
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету Ережісіне
3 қосымша

Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің 20__жылғы ______тоқсанда алған табысы туралы МӘЛІМЕТТЕР

________________________________________________________
                (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

Р/с N

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Құжаттамалық расталған табыс сомалары

Өзге де мәлімделген табыс



табыстың түрі

сомасы, теңге

табыстың түрі

сомасы, теңге























































Өтініш берушінің қолы ____________________
Күні _____________________________________

Маманның қолы ____________________________
Қабылдау мерзімі _________________________

Балқаш қаласы және әкімшілік
-аумақтық іргелес кенттердің
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету Ережісіне
4 қосымша

20___жылғы __________бойынша кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күнделікті күтіп-ұстау мен күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді және қатты отынды тұтынуға, байланыс қызметтерiне ақы төлеуге, жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына жумсалатын шығындары туралы МӘЛІМЕТТЕР

___________________________________________________
                (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

__________________________________________________
                  (үйінің мекен-жайы)

Жалпы ауданы _______ шаршы метр
Бөлме саны __________ Әлеуметтік нормасы _______ шаршы метр
Үйдің жалпы сипаттамасы __________________________
                           (газ, электр плитасы)


Төлем түрлері

Тариф (теңге)

Есептелінген (теңге)

1

Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күнделікті күтіп-ұстау шығындары (ПИК, ПИТК)



Кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге нысаналы жарна



Кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар



2

Жылыту жүйесі (орталықтандырылған, қатты отын)



3

Суық су



4

Кәріз



5

Ыстық су



6

Қоқыс шығару



7

Электр энергиясымен қамтамасыз ету



8

Газ



9

Телефон



10

Тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысы




ЖИЫНЫ:



20__ж._________________ Маманның қолы ____________________

Балқаш қаласы және әкімшілік
-аумақтық іргелес кенттердің
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету Ережісіне
5 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы

Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған х 4 бағанға)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 бaған - 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Бидай






Арпа






Қарамық






Жүгерi (жасыл салмағы)






Көп жылдық шөптер






Бiр жылдық шөптер






Картоп






Көкөнiстер






Бақшалар






Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт және басқалары)






Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)






Жидек дақылдары






Жүзім






Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, килограмм (литр)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған x 4 бағанға)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 баған - 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)






Eтті iрi қара мал (сиыр еті)






Шошқалар (шошқа еті)






Қойлар, ешкілер (ет/жүн)






Жылқы (жылқы еті)






Түйе (түйе еті)






Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)






Етті құс (құс еті)






Балқаш қаласы және әкімшілік-
аумақтық іргелес кенттердің
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету Ережісіне
6 қосымша

Азық-түлiктiк пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

Ай

25

Қойлар мен ешкiлер

Ай

12

Шошқалар

Ай

10

Жылқылар

Ай

16

Түйелер

Ай

18

Жұмыртқалайтын құс

Күн

195

Етті құс

Күн

125

Балқаш қаласы және әкімшілік-
аумақтық іргелес кенттердің
тұрғындарына тұрғын үй көмегін
көрсету Ережісіне
7 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгi жеке нормативтiк карточкасы

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _____________________________________________
Үйiнiң мекен-жайы ___________________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс





Жиыны: бiр тоқсандағы табыс





20__ж. "__"_________ ____________________________
                        (өтiнiш берушiнiң қолы)

      ___________________________________________
      (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады