Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 05 сәуірдегі N 29 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда N 8-5-94 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 ақпандағы N 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011.15.02 N 11 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қаражал қалалық Мәслихатының ХХІІІ сессиясының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау, жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тіркелген жұмыссыз азаматтардың өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтуы үшін материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылсын.
      2. Өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтулары үшін материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын консультативті–кеңесші комиссия (қосымшаға сәйкес) құрылсын.
      3. "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Гармашова Н.Н.):
      1) өз істерін ашу және өздерін жұмыспен қамтулары үшін материалдық көмек алуға (әрі қарай – материалдық көмек) тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарау және тіркеу, сонымен қатар материалдық көмекті тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілеттік органға жүктелсін;
      2) материалдық көмек айлық есеп көрсеткіштің 40 еселік мөлшерінде 56520 (елу алты мың бес жүз жиырма) теңге сомасында көрсетiлсiн.
      4. Жұмыссыз азаматтардың материалдық көмекті мақсатты пайдалануын, жұмыссыздардың өздерін жұмыспен қамтулары жөніндегі жүргізілген шаралардың тиімділігін бақылау функциялары "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      5. Қаражал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 125 "Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2009 жылы 17 маусымда тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-70, 2009 жылғы 17 маусымдағы "Қазыналы өңір" газетінің 24 нөмірінде жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Оспановаға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Мұқашев

Қаражал қаласының әкімдігінің
2010 жылғы 05 сәуірдегі
N 29 қаулысына
қосымша

Өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтулары
үшін материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз
азаматтардың өтініштерін қарайтын комиссия
ҚҰРАМЫ

      Оспанова Зәмзәгүл -      Қаражал қала әкімінің орынбасары,
      Кажмұқанқызы             комиссия төрағасы;

      Гармашова Наталья -      "Қаражал қаласының жұмыспен қамту
      Николаевна               және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
                               мемлекеттік мекемесінің бастығы,
                               комиссия төрағасының орынбасары;

      Мұхамедиярова Шұға -     "Қаражал қаласының жұмыспен қамту
      Әбілқасымқызы            және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
                               мемлекеттік мекемесінің бастығының
                               орынбасары, комиссия хатшысы;

Комиссия мүшелері:

      Саденов Жаныс -          Жәйрем кенті әкімі;
      Қыстауұлы

      Пак Наталья -            "Қаражал қаласының ішкі саясат бөлімі"
      Робертовна               мемлекеттік мекемесінің бас маманы;

      Шманов Алмаз -           Қаражал қаласы бойынша Салық
      Айтжанұлы                басқармасының салық төлеушілермен
                               жұмыс істеу бөлімінің бастығы,
                               (келісім бойынша);

      Гуляева Елена -          "Қаражал қаласының қаржы бөлімі"
      Игорьевна                мемлекеттік мекеменің бас маманы;

      Түбеков Бейбіт -         "Қаражал қаласы бойынша
      Ақпанұлы                 мемлекеттік санитарлық
                               эпидемиологиялық қадағалау
                               басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
                               бастығы (келісім бойынша);

      Жиенбаев Сатыбай -       Қаражал қаласы әкім аппаратының
      Тойымбекұлы              мемлекеттік-құқықтық жұмыстар
                               бөлімінің меңгерушісі;

      Рсалдина Жанар -         "Қаражал қаласының экономика және
      Шахизадақызы             бюджетті жоспарлау бөлімі"
                               мемлекеттік мекеменің бастығы;

      Сыртанбеков Серікбай -   Қалалық мәслихат депутаты (келісім
      Ханафияұлы               бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады