Шахтинск қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 7/12 қаулысы. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 мамырда N 8-8-80 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі N 11/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 04.04.2014 N 11/4 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының негізінде, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шахтинск қаласы әкімдігінің келесі нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін:
      Шахтинск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 8/16 "Шахтинск қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-8-69 тіркелген; "Шахтинский вестник" газетінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 31 (984) жарияланған); Шахтинск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 8/17 "Шахтинск қаласының жұмыссыз жастары үшін дипломнан кейінгі кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-8-70 тіркелген; "Шахтинский вестник" газетінің 2009 жылғы 31 шілдедегі N 31 (984) жарияланған) кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Б.К. Егишевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Утешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады