Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 02/24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 1 желтоқсандағы N 17-01 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 желтоқсанда N 8-10-125 тіркелді. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының 2011 жылғы 27 сәуірдегі N 5-1/193 хатымен)

      Ескерту. Қабылданған мерзімінің бітуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімінің аппаратының 2011.04.27 N 5-1/193 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесіне" сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 02/24 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-10-101 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 ақпандағы "Тоқырауын тынысы" газетінің N 8 (7226) санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      қосымшадағы:
      "1263784" сандары "2506784" сандарына ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 01 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ғ.И. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады