Ақтоғай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 18/36 қаулысы. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарда N 8-10-130 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 28 қарашадағы N 23/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2011.11.28 N 23/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 ақпандағы "Ақтоғай ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін бекіту туралы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 02/25 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік Тізілімінде - N 8-10-102 болып тіркелген, аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінің N 8 (7226) санында жарияланған) қаулысына сәйкес нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданы бойынша 2011 жылы нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орнына орналастыратын жұмыс орны әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібіне сәйкес ұйымдастырылсын.
      2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А. Түсіпбеков) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен келісім-шарт жасасу және әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды орналастыру мониторингін жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Б.З. Тлеубергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады