Ұлытау ауданы аумағында тұратын 1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 02 шешімі. Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда N 8-16-53 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасарының 2011 жылғы 07 сәуірдегі N 4-2/187 хатымен)

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Ұлытау ауданы әкімінің орынбасарының 2011.04.07 N 4-2/187 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес және Ұлытау ауданының әскерге шақыру учаскесіне 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туған азаматтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 1993 жылы туған азаматтарды Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу жұмыстары 2010 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргізілсін.
      2. Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығының қызметін уақытша атқарушы Е. Уткельбаевқа:
      1) аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;
      2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс беру тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Садықовқа жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Әбдіғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады