Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 01 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 желтоқсанда N 8-17-109 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы N 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімінің 2011.12.09 N 02 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізуді, оларды әскери есепке алуды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтауды, жалпыбілімдік деңгейімен мамандығын белгілеуді, дене шынықтыруының дайындық деңгейін анықтауды, шақырылушыларды алдын-ала белгілеуді және әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындалу үшін және әскери оқу орындарына түсетін үміткерлерді іріктеуді орындау мақсатында, Шет ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2011 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін өткізілсін.
      2. Шет ауданының ауыл және кент әкімдері азаматтардың Шет ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру комиссиясына дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. Шет ауданының әкімінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы "Шет ауданы аумағында тұратын 1993 жылы туған азаматтарды 2010 жылғы әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы" N 01 шешімінің (Шет ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 12 қаңтарында N 8-17-93 тіркелген, аудандық "Шет Шұғыласы" газетінде 2010 жылдың 28 қаңтарында N 5 шығарылымда жарияланған) күші жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі                        Қ. Тілеубергенов

      КЕЛІСІЛДІ

      Шет ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі біріктірілген
      бөлімінің бастығы                          Н. Әбдікешев
      06.12.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады