Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлері туралы

Күшін жойған

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 3232 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 21 шілде N 10-1-146 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда қаласы әкімдігі "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы N 08-4/194 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда қаласы әкімдігі "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 24.01.2013 N 08-4/194 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарына және қалалық прокуратураның 2010 жылғы 7 маусымдағы N 7-16-10 наразылығына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011.04.20 N 1075 қаулысымен.
      2) "Облысқа ерекше еңбегі сіңген және қаладағы басқалардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты 80 жастан асқан зейнеткерлерге жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек беру қағидасы" осы қаулының 2-қосымшасына;
      3) ""Отан", "Даңқ", "Халық қаһарманы" ордендерімен марапатталған, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алған азаматтарға жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек беру қағидасы" осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлері туралы" 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2223 қаулысы жойылсын.
      3. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н. Жәлиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М. Ергешбаев

Қызылорда қаласы әкімдігінің 
2010 жылғы 15 маусымдағы N 3232
қаулысымен бекітілген 1-қосымша

Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру қағидасы

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011.04.20 N 1075 қаулысымен.

Қызылорда қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 15 маусымдағы N 3232
қаулысымен бекітілген 2-қосымша

Облысқа ерекше еңбегі сіңген және басқалардың көмегіне мұқтаж
жалғыз басты 80 жастан асқан зейнеткерлерге жергілікті
бюджеттен әлеуметтік көмек беру қағидасы

1. Жалпы қағида

      1. Осы қағида кейбір санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекті тағайындау мен қаржыландыру тәртібін белгілейді.

2. Әлеуметтік көмек алу құқығы бар азаматтар

      2. Жергілікті бюджеттен көмек алу құқығы бар азаматтар облысқа ерекше еңбегі сіңген және басқалардың көмегіне мұқтаж жалғыз басты 80 жастан асқан зейнеткерлер.

3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      3. Әлеуметтік көмекті арызданушы арыз берген айынан бастап тағайындау ұсынылады.
      Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азамат көмекті тағайындау жөніндегі арызды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттармен қоса тапсырады:
      1) өтініш;
      2) жеке куәлік (көшірмесі);
      3) зейнетақы куәлігі (көшірмесі);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) Облысқа ерекше еңбегі сіңгенін дәлелдейтін құжаты (көшірмесі);
      Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі құжаттар 10 күндік мерзімінде қаралады.
      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арызданушыға жазбаша түрде себебін түсіндіріп, құжаттарын қайтару керек.
      Әлеуметтік көмектің көлемі жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес қайта қаралып тұрады.

4. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмектің төлеу тәртібі

      4. "Әлеуметтік көмекке арналған қаражаттар әлеуметтік көмекті алушылардың таңдауы бойынша жеке шотына немесе банктердегі карт- шотына аудару жолымен жүзеге асырылады".

5. Әлеуметтік төлем мөлшері

      5. Облысқа ерекше еңбегі сіңген және басқалардың көмегіне мұқтаж жалғыз басты 80 жастан асқан зейнеткерлерге -1,0 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді.

6. Әлеуметтік көмек төлемінің тоқтатылуы

      6. Әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.

Қызылорда қаласы әкімдігінің  
2010 жылғы 15 маусымдағы N 3232
қаулысымен бекітілген 3-қосымша

"Отан", "Даңқ", "Халық қаһарманы" орденімен марапатталған,
Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алған азаматтарға
жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмек беру қағидасы

1. Жалпы қағида

      1. Осы қағида кейбір санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекті тағайындау мен қаржыландыру тәртібін белгілейді.

2. Әлеуметтік көмек алу құқығы бар азаматтар

      2. Жергілікті бюджеттен көмек алу құқығы бар азаматтар "Отан", "Даңқ", "Халық қаһарманы" орденімен марапатталған, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алған азаматтар.

3. Әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі

      3. Әлеуметтік көмек, арызданушы арыз берген айынан бастап тағайындалады.
      Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар азамат көмекті тағайындау жөніндегі арызды қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне мынадай құжаттармен қоса тапсырады:
      1) өтініш;
      2) жеке куәлік (көшірмесі);
      3) зейнетақы куәлігі (көшірмесі);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) "Отан", "Даңқ", "Халық қаһарманы" орденімен марапатталған, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алғандығын дәлелдейтін құжаты (көшірмесі).
      Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі құжаттар 10 күн мерзімінде қаралады.
      Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арызданушыға жазбаша түрде себебін түсіндіріп, құжаттарын қайтару керек.
      Әлеуметтік көмектің көлемі жыл сайын "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес қайта қаралып тұрады.

4. Әлеуметтік көмектің төлеу тәртібі

      4. "Әлеуметтік көмекке арналған қаражаттар әлеуметтік көмекті алушылардың таңдауы бойынша жеке шотына немесе банктердегі карт- шотына аудару жолымен жүзеге асырылады".

5. Әлеуметтік төлем мөлшері

      5. "Отан, "Даңқ", "Халық қаһарманы" ордендерімен марапатталған, Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алған азаматтарға 1,9 айлық есептік көрсеткіш.

6. Әлеуметтік көмек төлемінің тоқтатылуы

      6. Әлеуметтік төлемдер алушы қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған басқа да негіздерге сәйкес тоқтатылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады