Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы әлеуметтік төлем беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 шілдедегі N 20 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 20 тамызда N 10-1-148 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы N 4929 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы 1995 жылғы 28 сәуірдегі және Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, сондай-ақ Қызылорда қалалық мәслихатының 2010 жылғы 13 сәуірдегі кезекті XXIX сессиясының N 29/6 шешіміне сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне,Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға,18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларына үйлерін газдандыруға әлеуметтік көмек 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін бір рет ақшалай түрде жеке секторда тұратын жанұяларға беріледі. Әлеуметтік көмектің мөлшері - 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде болып енгізілсін.
      2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н. Жәлиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                     М. Жайымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады