Тасбөгет кенті көшелеріне жаңадан атау беру туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті әкімінің 2010 жылғы 11 қазандағы N 677 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 11 қарашада N 10-1-153 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдары, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 20 шілдедегі N 6/3 және 2010 жылғы 2 қыркүйектегі N 7/1 ұйғарымдары негізінде ШЕШЕМІН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті әкімінің 2012.04.03 N 937 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      1. Тасбөгет кентіндегі Жұмабай Әбенов көшесіне дейінгі Абай тұйығы – еңбек ардагері, "Ленин", "Еңбек Қызыл Ту" ордендерімен марапатталған Қалмұрат Ешмаханов есімімен;
      Тасбөгет кентіндегі Жұмабай Әбенов көшесінен кейінгі Абай көшесі мен Абай тұйығы деп аталып келген тұйық көше – еңбек ардагері, "Құрмет белгісі" ордені, "Еңбектегі ерлігі үшін", В.И.Лениннің 100 жылдығы юбилейлік медальдарына ие болған Мәді Әбдірамановтың есімімен;
      Тасбөгет кентіндегі Юрий Гагарин көшесі – еңбек ардагері, "Еңбектегі ерлігі үшін" медалі, Республика Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегері Сартай Мыхановтың есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау кент әкімінің орынбасары Ж.Байхадамовқа тапсырылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ӘКІМ                                    Ә. ҚҰТМАМБЕТОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады