Сексеуіл кентіндегі кейбір көшелердің атауларын өзгерту және жаңа көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал аудандық Сексеуіл кенті әкімдінің 2010 жылғы 17 тамыздағы N 24 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 08 қыркүйекте N 10-3-165 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Арал аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы N 3 санды ұйғарымын, 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 1 ұйғарымын және 2010 жылдың 30 маусымдағы N 2 ұйғарымын жүзеге асыру мақсатына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі жаңадан ашылатын көшеге Байбазаров Жазықбайдың есімі берілсін.
      2. Сексеуіл кентіндегі Ф. Энгельс көшесі Айқынов Бұлқайырдың, Киров көшесі Қонысбаев Елубайдың, Менделеев көшесі Жұмағұлов Ақсақалдың және Юбилейная көшесі Досмырзаев Әбдіразақтың есімдерімен өзгертілсін.
      3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізу Сексеуіл кенті әкімінің орынбасары М. Исматуллаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енеді.

      Сексеуіл кенті әкімі:                        Е. Серікбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады