Ауданның тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын азаматтарын әскери есепке тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы N 290 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 22 желтоқсанда N 10-5-152 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасының 2011 жылғы 24 тамыздағы N 2-9/2549 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Ауданның тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын еркек
жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2011 жылдың
қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Қ. Мұстафаеваға жүктелсін.
      3. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі                       Б. Қаюпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады